Маңызды мәлімет
Қазақстанда кәсіпкерлерге тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлемдерді жеке шоттарына қабылдауға тыйым салынады. Кәсіпкерлер бизнеске арналған арнайы шоттарды пайдалануы тиіс. Кірістерді жасырудың алдын алу үшін мобильді аударымдарды тексеру басталды.
Жеке шоттардың күдікті аударымдары туралы мәліметтер мемлекеттік кірістер комитетіне беріледі. Үш ай қатарынан әрбір жүз немесе одан да көп адамнан аударымдар түссе тексерілетін болады.
Декларацияны тапсырған және аударымдарында кәсіпкерлік қызметтің белгілері бар адамдар ғана тексеріледі. Ал бұл критерийлерге сәйкес келмейтін аудармалар тексерілмейді.
Қазақстанда жеке тұлғаның банктік шотына тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау заңсыз болып табылады. Ол үшін кәсіпкерлер шотты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға міндетті.
Осылайша, есептеулер QR кодтарын қолдана отырып, төлем карталары мен мобильді төлемдер арқылы жүзеге асырылады. Жеке тұлғаның шотына түсетін мобильді аударымдар кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерді жасыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
Сондықтан Қазақстанда оларды тексеру туралы шешім қабылданды. Тексеру жалпыға бірдей декларациялау кезеңдерінен кейін жүреді.
Мысалы, өткен жылы жүйеге мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары, ал 2022 жылы жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, оларға теңестірілген мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және олардың жұбайлары кірді.
Осылайша, биылғы жылы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы екі кезеңінің қатысушылары туралы мәліметтер беріледі. Олардың шоттарына 2023 жылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру белгілері бар күдікті аударымдар түскен.
Келесі жылы заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары, ал 2026 жылы – 2025 жылы декларация тапсыра бастайтын барлық басқа қазақстандықтар тексеруден өтеді.
Қандай ақша аударымдары күдікті болып саналады
ҚР Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес, күдікті аударымдардың нақты критерийлері бар.
Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан табыс алу белгілері бар операцияларға жатқызу критерийі — бір жеке тұлғаның үш ай қатарынан әрқайсысы ішінде жүз және одан да көп әртүрлі тұлғалардан жеке (кәсіпкерлік шотқа арналмаған) банктік шотқа ақша қаражатын алуы болып табылады.
Осылайша, жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген, яғни 250 нысаны бойынша декларация тапсырған және банктік шоттарына үш ай қатарынан әрқайсысы жүз түрлі жөнелтушіден мобильді аударымдар түскен жеке тұлғалар ғана тексеруден өтеді.
Кімдердің мобильді аударымдары тексерілмейді
Жоғарыда аталған критерийлерге сәйкес келмейтін адамдардың мобильді аударымдары тексерілмейді.
Бір қарағанда, қазақстандықтар жиі алатын аудармаларда кәсіпкерлік қызмет белгілері болмауы да мүмкін. Мысалы, ата-аналар комитетінің төрағасына ең көбі 30 ата-ана ақша аударады.
Мемлекеттік кірістер комитетінің әлеуметтік желілеріне шотына көп жерден ақша түсетін адамдар ғана емес, өздері де мобильді аударымдарды аз жасамайтын адамдар да алаңдаушылық танытып жазады екен. Олардың жиі қоятын сұрағы: «Өз картамнан мен ірі ақша аударымдарын жиі жасаймын. Олар да тексеріледі ме?».
Мемлекеттік орган өкілдері бұл болжамды теріске шығарды. Олар әртүрлі адамдардан көптеп аударымдар түсетін, критерийге сай күдік тудыратын тұлғаларды ғана тексеретінін тағы да баса айтты. Ал өздері жиі мобильді аударымдар жасайтын адамдар тексерілмейді. Себебі, олардың бұл әрекеті кұдік тудырмайды.
Еске салайық, кәсіпкерлік қызмет белгілері бар операциялардың криетрийлеріне өзгеріс енгізу жоспарда бар. Қазіргі ережеден бөлек, үш айдағы түскен мобильді аударымдардың жалпы сомасы кемі үш ең төменгі жалақы және одан да көп соманы құрауы керек.
Фото: depositphotos.com