Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

«Тәрбие — тал бесіктен». Мектеп оқушыларына Заң мен тәртіпті үйрететін қосымша сабақ енгізіледі

2025 жылдың 27 мамырында Алматы облысында ««Заң мен тәртіп» қосымша сабақтары» пилоттық жобасы аясында жиын өтті. Онда зейнетке шыққан прокурорлар мен полицейлерді мектептерге қоғамдық тәлімгер ретінде тарту жұмыстары талқыланды. Толығырақ тілшіміз тарқатады.

Мөлдір Иманмади
28.05.2025
Мақала

Жоба аясында, этносаралық қатынасты нығайтып, құқықтық тәрбиені күшейту мақсатында зейнетке шыққан құқық қорғау саласының 43 ардагерін «құқықтық тәрбие тәлімгері» ретінде жұмысқа қабылдап, есептегі жасөспірімдермен жүйелі жұмыс жүргізу көзделген. Пилоттық жобаның тиімді нәтижелеріне байланысты Алматы облысының прокуратурасы мен білім басқармасы бірлесе отырып, «Заң мен тәртіп керуені — 2025» жобасын іске қосады.

Жиын барысында, басты спикер Қазақстан Республикасы Президентінің Ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Оразбайұлы Қырықбаев аталған жобаның ел болашағы үшін қаншалықты маңызды екенін  атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, үлкен жоба жүзеге асып жатыр. Заңның сақталуы — еліміздің ертеңі үшін аса маңызды мәселе. Бауыржан Момышұлы айтқандай: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды». Ал тәртіп жоқ жерде әділет болмайды, заң бұзылған жерде береке болмайтынын білеміз. Қазіргі уақытта, ақпарат кеңістігінде де, әлеуметтік желіде де ашып қалсаң, Алматы облысы жайлы әртүрлі ұзын сонар әңгіме де пікір де көп. Егер әу бастан жастарды дұрыс тәрбиелеп, құқықбұзушылықтың не екенін түсіндіргенде, бәлкім мұндай жағдайға жетпес едік. Сондықтан осы бағытқа көп көңіл бөлу керек. Заңға қызмет, ұлтқа қызмет. Заңды құрметтеу, ұлтқа деген адалдық екенін жастарға түсіндіру қажет. Кез келген жетістік тәртіптен басталады. Сондықтан, жасөспірімдердің бойына Заң мен тәртіпті сіңіру басты мақсат», — деді Арман Қырықбаев.

Сонымен қатар, ол 2024 жылы 1950 құқықбұзушылық жасалғанын және ол 2023 жылмен салыстырғанда 8 пайызға артық екенін айтты. Бұл кешенді проблемалардың бар екенін көрсетеді деген тұжырым жасады. Сондықтан жобаның мектеп жасындағы балалар үшін маңызын ескере отырып, Алматы облысы Талғар ауданындағы 10 мектеп пен 3 колледжге енгізіп бастау жоспарланып отыр. Егер пилоттық жоба оң нәтиже берсе, Қазақстан бойынша барлық мектептер мен колледждерде жаңа пән енгізілетін болады.

Тәлімгер құрамын Бас прокуратура жанынан құрылған арнайы комиссия іріктейді. Оқу-әдістемелік жұмыстар жаңа оқу жылына дейін бекітілу керек. Тәлімгерлерге жалақы жергілікті атқарушы органдар тарапынан бекітіледі.

Оқу-ағарту вице-министрінің мәліметінше, пилоттық жоба аясындағы тәрбие жұмыстары 7-10 сынып оқушылары арасында жүргізіледі.

«Талғар ауданында құқықбұзушылық азаймай тұр. Балаларға қатысты негативті жарияланымдар жиі шығады. «Заң мен тәртіп» жобасы буллинг пен құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталады. Ол жасөспірімдердің мінез-құлқына оң ықпалын тигізеді. Қосымша сабақтар 7-10 сыныптарды қамтиды. Білім алушылардың Заң және тәртіп қағилатын меңгеруі, өскелең ұрпақтың тәрбиесі болып саналады», — деп атап өтті Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Сабырұлы.

Ал Бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар, көбіне білместіктен немесе жалған ақпаратқа сенгендіктен болған дейді. Ал құқық қорғау органдарының мақсаты жолдан тайған жастарды жазалау ғана емес, осындай жағдайлардың алдын алу үшін тәрбиелеу екенін айтты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Оразбайұлы Қырықбаев жергілікті атқарушы органдарға тәлімгерлерді іріктеу, олардың жалақысы, оқу жоспары сияқты мәселелерді 1 тамызға дейін шешу қажеттігін тапсырды.

«Заң мен тәртіп» деген жоба Талғар ауданында бастау алып жатыр. Мен жобаның болашағы бар екеніне сенемін. Біздің аудан бойынша 10 мектеп пен 3 колледжде заң мен тәртіп саласы бойынша сабақтар өткелі жатыр. Баланың ең бірінші тәрбие ошағы  отбасы болса да, мектеп қабырғасында алатын тәрбиенің де маңызды өте зор. Үкімет бала тәрбиесін басты назарға алып отырғандықтан, жоба сәтті болады деп ойлаймын», — деді Талғар ауданының әкімі Таңат Айдарбеков.

Осы ретте, біз жастарға тәлімгерлік танытқалы отырған құқық қорғау органдарының ардагерінің пікірін тыңдадық.

«Біз – прокуратура, ішкі істер органдары мен сот жүйесінің ардагерлері – Президент қолдаған және Бас прокуратура бастамашы болған “Заң мен тәртіп” пилоттық жобасына қолдау білдіруге шешім қабылдадық. Қазіргі таңда мектептерде құқықбұзушылықтар жиілеп кетті: нашақорлық, құмар ойындарға тәуелділік, тіпті зиянды онлайн-ойындарға қатысу секілді жағдайлар көбейіп отыр. Осыған байланысты біз жасөспірімдерге құқықтық жауапкершілік жасы туралы түсіндіріп, қажет жағдайда қайда жүгіну керектігін айтып, арнайы дәрістер өткізуді қолға алмақпыз. Өкінішке қарай, көптеген оқушылар ата-анасына да, мұғалімдерге де ішкі сырын айта алмайды. Сондықтан біз олар үшін шынайы қолдау көрсете алатын, сенімді тұлға болғымыз келеді», – деді Алматы қаласы прокуратура органдарының ардагері Гүлнар Бердібекова.

Айта кетейік, бүгінгі күні жобаға сәйкес, 170 мектепте «Прокурордың жас көмекшілері» клубтарын ашып, 4 590 оқушы мүше болуға әзір.

 

Тегтер: «Заң мен тәртіп керуені - 2025»алматы облысының жаңалықтарыБасты жаңалықтарТалғар ауданы

Соңғы жаңалықтар

Декада Наурызнама в Алматинской области: какие мероприятия пройдут в ближайшие дни

Николай Иващенко
19.03.2026

В Алматинской области врачи спасли жизнь 64-летнему пациенту с тяжелой сосудистой патологией

Николай Иващенко
19.03.2026

Убийство человека, похищение ребенка и изнасилование: в Алматинской области суд огласил приговор

Николай Иващенко
19.03.2026

12 иностранцев-нарушителей выявлены на строительном объекте в Алматинской области

Николай Иващенко
19.03.2026

В Илийском районе ведутся масштабные работы по озеленению

Николай Иващенко
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz