Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

Сақтандырылмаған азаматтарға қандай медициналық көмек көрсетіледі?

Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
03.07.2025
Мақала
Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
  Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бюджет қаражаты есебінен Қазақстан азаматтарына, қандастарға, босқындарға, сондай-ақ елде тұрақты тұратын және ықтиярхаты бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға көрсетіледі. Ал елімізде уақытша тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және баспана іздегендер қоршаған ортаға қауіп төндіретін жұқпалы аурулар кезінде жүгіне алады.
 «2025 жылы медициналық қызметтерді қаржыландыруға жалпы 2,96 триллион теңге бөлінді, оның 1,63 триллион теңгесі ТМККК пакетіне кіретін қызметтерге және 1,33 триллион теңге МӘМС  пакетіне тиесілі. Көпшілік сақтандырылған мәртебесі болмаса емханада қабылдамайды деп ойлайды. Алайда МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан көрсетілетін медициналық қызметтердің тізімі бар», — деп атап өтті ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова. 
ТМККК пакеті қандай қызметтерді қамтиды?
  1) Жедел медициналық көмек: жедел жәрдем бригадасын шақырудан бөлек, оған санитарлық авиация қызметтері де кіреді.
 2) Алғашқы медико-санитариялық көмек: учаскелік дәрігер қабылдауы (жалпы тәжірибе дәрігері, терапевт, педиатр, медбике) диагностика, ең көп таралған ауруларды емдеу және басқару, мақсатты халық топтарын профилактикалық қарау, иммунизация, аурулардың мінез-құлыққа байланысты тәуекел факторларын ерте анықтау және мониторинг, салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, репродуктивті денсаулықты қорғау шаралары, жүкті әйелдер мен босанған әйелдерді босанудан кейінгі кезеңде бақылау.
3) Амбулаториялық жағдайдағы мамандандырылған медициналық көмек: ЖИТС пен туберкулезді алдын алу және диагностикалау, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар және созылмалы ауруларды диагностикалау мен емдеу, жарақаттар, уланулар немесе басқа шұғыл жағдайлар кезінде медициналық қызметтер көрсетіледі.
  4) Стационарды алмастыратын жағдайдағы мамандандырылған медициналық көмек: Әлеуметтік мәні бар және созылмалы аурулары бар адамдарға арналған күндізгі стационар қызметтері.
5) Стационар жағдайындағы мамандандырылған медициналық көмек:
шұғыл көрсеткіштер бойынша госпитализациялау, шұғыл госпитализация кезінде стационардың қабылдау бөлімінде емдеу және диагностикалау, әлеуметтік мәні бар және сирек (орфандық) аурулар кезінде жоспарлы госпитализация, айналасындағылар үшін қауіпті жұқпалы немесе паразиттік аурумен ауырған науқаспен байланыста болған адамдарды оқшаулау, сондай-ақ жұқпалы немесе паразиттік ауруға күдікті немесе ондай диагнозы қойылған адамдарды госпитализациялау.
  6) Медициналық оңалту: ТМККК шеңберінде туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық оңалту жүргізіледі.
  7) Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша паллиативтік медициналық көмек.
  8) Қан мен оның құрамдас бөліктерімен қамтамасыз ету;
9) Патологиялық-анатомиялық диагностика;
10) Өлімнен кейінгі донорды органдар мен тіндерді алу үшін дайындау, алу, сақтау, зерттеп қарау, жинау және трансплантация үшін тасымалдау.
Бұдан бөлек, пациенттерге ҚР ДСМ бекіткен тізімге кіретін кейбір созылмалы аурулар бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз ету қызметі қолжетімді.
Естеріңізге сала кетейік, бұл медициналық қызметтер азаматтарға МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан көрсетіледі. Егер сізге медициналық көмек көрсетуден заңсыз бас тартса, әр емхана мен ауруханада жұмыс істейтін Пациенттерді қолдау қызметіне жүгінгеніңіз абзал. Олар мәселені сол жерде шешуге көмектеседі. Егер медициналық ұйымнан мардымды жауап болмаса, өтінішті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жолдау керек.
ӘМСҚ Алматы облыстық филиалы
Тегтер: ӘМСҚМӘМСмедициналық сақтандыру

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов проверил готовность системы раннего обнаружения лесных пожаров и оснащенность «Семей орманы»

Николай Иващенко
09.04.2026

В окрестности Конаева пожарные тушат возгорание камыша

Николай Иващенко
09.04.2026

В Казахстане могут принять закон об амнистии до конца июня

Николай Иващенко
09.04.2026

После землетрясения были проверены все русла рек и гидротехнические сооружения Алматинской области

Николай Иващенко
09.04.2026

В Алматинской области стартовал конкурс «Тайқазан – 2026»

Николай Иващенко
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz