Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

Республика күнінде Алматы облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары анықталды

Республика күні Алматы облысында жастарға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
25.10.2025
Мақала

Бұл күн – елдің тәуелсіздігі мен жаңа бастамалардың символына айналған мереке ғана емес, өз арманы мен идеясын жүзеге асыруға ұмтылған жастар үшін де ерекше сәт болды.

Жоба биыл да өңір жастарының арманын жүзеге асырып, жаңа идеялардың қанаттануына мүмкіндік беріп отыр. Грант иегерлері түрлі бағыттар бойынша іріктеліп, өздерінің әлеуметтік, мәдени, ғылыми және инновациялық бастамаларын қорғады. Қатысушылардың жобалары қоғамның өзекті мәселелерін шешуге, жастарды дамытуға және жаңа технологияларды енгізуге бағытталған.

Жеңімпаздардың қатарында:

  •  Талғатқызы Айзере – мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жеке оңалту жабдықтары мен ойын кешендерін шығару жобасы;
  • Зікір Пернегүл Кемелханқызы – «SabiSPA» гидромассаж және босансу орталығы;
  • Яныбаева Айнұр Әлімбайқызы – «Өнерім–мұрам» атты ұлттық нақыштағы сурет жобасы;
  •  Жұмағали Аружан Әбілбекқызы – қазақ музыкасын цифрлау және балаларға домбыра үйрету;
  •  Төленева Жанерке Қайратқызы – Narestem AI жүкті әйелдердің жағдайын бақылауға арналған жасанды интеллект;
  • Хабылбек Абуxали – RobotTime ауыл балаларына робототехника үйрету жобасы;
  • Исадуллаева Алянура Мұптулламқызы мен Айдархан Жансая Нурданғалықызы – биогумус өндіру кәсібі;
  • Нарузова Наргиза — экологиялық бағыттағы «Жасыл болашақ» жобасы;
  • Иманмәди Мөлдір – «Журналист – жау емес» медиа жобасы;
  • Өнербекқызы Нұргүл – «Медиа сауат» бастамасы бар.

Биылғы гранттың ерекшелігі – тек дарынды ғана емес, өмірлік қиындықтарға қарамастан өз арманынан бас тартпаған жастардың жеңісінде.

Жеңімпаздардың бірі, Қонаев қаласындағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісі Наргиза Нарузова өз әсерімен бөлісті:

«Бұл грант мен үшін үлкен мүмкіндік. Менің “Жасыл болашақ” жобамның мақсаты – экологиялық мәдениетті дамыту, балалар мен жастарға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіру. Тәуелсіз елдің ұрпағы ретінде ел дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Ал дәл Республика күнімен тұспа-тұс келуі – мен үшін ерекше мәртебе», – дейді жоба жетекшісі.

Салтанатты жиында Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев жас жеңімпаздарды мерекемен құттықтап, оларға сәттілік тіледі:

«Республика күні – елдің еркіндігі мен жаңару рухының символы. Ал бүгінгі грант иегерлері – осы тәуелсіз елдің болашағы. Сіздердің идеяларыңыз қоғамға серпін беріп, жаңа Қазақстанды қалыптастыруға үлес қосады деп сенемін», – деді өңір басшысы.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты – жастардың жаңа бастамаларына серпін беріп, елдің ертеңіне үлес қосатын ұрпақ қалыптастыруды мақсат етеді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарТәуелсіздік ұрпақтары 2025

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында қызылша бойынша жағдай күрделі: екі айда 300-ге жуық жағдай тіркелді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алғыс айту күні қарсаңында қарасайлық 26 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz