Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

Қазақстанда қай кезде рұқсатсыз камераға түсіруге болады?

Заңсыз түсірілім үшін түрмеге түсуіңіз мүмкін екенін білесіз бе? Мемлекет ақпарат жинауға және түсірілім еркіндігіне кепілдік береді. Бірақ кей жағдайда рұқсат қажет болады.

Мөлдір Иманмади
17.05.2024
Мақала

НАЗАР АУДАРУ КЕРЕК

Фото және бейнетүсірілім құқығы Қазақстан Конституциясында бекітілген, алайда бұл құқық шектеусіз емес.

Адамның бейнесін оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады. Дегенмен, егер адам ақылы суретке түссе немесе фотосурет қоғамдық іс-шараларда түсірілсе, онда жариялауға рұқсат.

Адамды келісімсіз заңсыз түсіру немесе тарату бірнеше жылға бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 бабына сәйкес, әрбір азамат ақпаратты кез келген әдіспен алуға және таратуға құқылы. Мұндай құқық фото және бейнетүсірілімге берілген. Бірақ барлық жағдайда емес.

Қай кезде рұқсатсыз түсіруге болады?

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 145 бабында кез келген тұлғаның бейнесін рұқсатсыз таратуға тыйым салынғаны туралы жазылған. Адамның жүзі ғана емес бүкіл денесін рұқсатсыз жариялауға болмайды. Бұл құқық өлгеннен кейін де сақталады. Мұндай жағдайда фотосуретті таратуға рұқсат беру құқығы мұрагерлеріне беріледі.

Кескінді келісімсіз таратпау адамның ажырамас құқығы болғанымен, рұқсатты қажет етпейтін кездер де бар. ҚР Азаматтық кодексінің 145 бабы 2 тармағына сәйкес, фотосуреттер мен бейнематериалдар немесе адам бейнесі бар картиналар ақылы түрде жасалса, оны таратуға келісім алудың қажеті жоқ.

Фото: club.dns-shop.ru

ҚР «БАҚ туралы» Заңының 14 бабында және ҚР «Онлайн платформалар мен онлайн жарнама туралы» Заңының 18 бабында көрсетілген келісімді қажет етпейтін жағдайлар:

  1. Егер адамның фотосуреті қандай да бір қоғамдық іс-шарада жасалса; Мысалы, спорттық іс-шара кезінде стадионда, театрда немесе кинода, жаппай мерекелерде және т. б. фотосуреттер болуы мүмкін.
  2. Егер халық алдындағы адам болса, мысалы, шенеуніктер мен саясаткерлердің фотоларын еркін жариялауға рұқсат.
  3. Бейнеленген адамды пайдалану конституциялық құрылымды қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, сонымен қатар, халықтың денсаулығын қорғау мақсатында жүзеге асырылады. Мысалы, заң бұзушыны одан әрі жауапқа тарту үшін, фотоға түсіруге болады және түсіру керек.

Сондай-ақ, егер адам өз фотосуретін жалпы қолданыста ашық жарияласа, сіз де оны рұқсатсыз тарата аласыз. Бұл заңды өз фотоңызды әлеуметтік желіге жүктейтін кезде де ескергеніңіз жөн.

Заңсыз түсірілім үшін жауапкершілік қандай болмақ?

Камераға заңсыз түсіруге болады ма? Тек жекелеген заңнамалық актілер ғана түсірілім процесін шектейді (сот процесін рұқсатсыз түсіру, стратегиялық нысандарды түсіру, терроризмге қарсы іс-қимылдарды түсіру). Басқа жағдайларда түсірілім фактісіне ресми түрде тыйым салынбайды, фотосуретті немесе бейнені одан әрі таратуға баса назар аударылады.

Сондай-ақ, түсірілім жеке аумақта шектелуі мүмкін. Жеке үй-жайдың иесі түсіруге қарсылық танытатын кездер болады. Қалай болғанда да, фото немесе видеоға ашық түсіру керек. Түсірілім заңды болса да, адам өзін түсіріп  жатқанын білуі керек. Жасырын түсірілім заңсыз, ол үшін заң алдында жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Фото: an-crimea.ru

Жеке өмірге қол сұқпаушылық және Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескеру маңызды.

Рұқсатсыз түсірілім үшін қандай айыппұл арқалауыңыз мүмкін?

ҚР Қылмыстық кодексінің 147 бабы 2 тармағына сәйкес, Адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын, жеке өмiрi туралы мәлiметтердi оның келiсiмiнсiз заңсыз жинау не өзге де дербес деректердi заңсыз жинау және (немесе) өңдеу (таратуды қоспағанда) нәтижесiнде адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiру – 5000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзету жұмыстарына жегу, 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе 3 жылдан 6 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Фото: kst.sud.kz

Келісімсіз түсіруге тек кей жағдайларда ғана тыйым салынады, негізінен материалдарды таратуға баса назар аударылады. Сіз құқықтар мен мүдделерді қорғау мақсатындағы немесе қоғамдық іс-шараларда түсірілген фотосуреттер мен бейнелерді, сондай-ақ бұл үшін ақы алған адамдардың фотосуреттері мен бейнелерін ғана келісімсіз жариялай аласыз. Заңсыз түсірілім және жеке өмірге қол сұқпаушылықты бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ұмытпаңыз!

 

Фото: ktk.kz

Тегтер: БАҚ туралы заңБасты жаңалықтаржеке өмірге қол сұқпаушылықзаңсыз съемкаОнлайн платформалар мен онлайн жарнама туралы заңрұқсатсыз түсірілімфотоға түсіруге рұқсат

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында қызылша бойынша жағдай күрделі: екі айда 300-ге жуық жағдай тіркелді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алғыс айту күні қарсаңында қарасайлық 26 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz