Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

Кеген ауданында 280 келі сирек кездесетін ағаш тұқымы егілді

Алматы облысы Кеген ауданы Жалағаш ауылында арнайы тәлімбаққа қарағай тұқымдасына жататын өте сирек кездесетін әрі мәңгі жасыл ағаш – Шренк шыршасы (Жатаған шырша) егілді. Тұқымды жинаудан бастап, оның күтімі мен көшеттерін тау бөктеріне егуге дейінгі процесспен Alataunews.kz тілшісі Мөлдір Иманмәди танысып қайтты.

Мөлдір Иманмади
11.06.2025
Мақала
Фото: Alataunews.kz/Дамир Нұрқасым

Фото: Alataunews.kz/Дамир Нұрқасым

Жалпы бұл жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд. түп ағаш егу тапсырмасын берген болатын. Осыған сәйкес, Алматы облысында 2021-2027 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданды. Жоспар бойынша, Алматы облысында 23 мың гектар жерге 52 млн ағаш өсірілетін болады.

Фото: Alataunews.kz/Дамир Нұрқасым

Ал біз барып қайтқан «Кеген орман шаруашылығы» КММ- де екі тәлімбақ бар екен. Оның бірі базалық, ал екіншісі уақытша питомник. Тәлімбақ жұмысы жайлы толығырақ Кеген орман шаруашылығы КММ-нің директоры Айболат Сұлтанғазиев баяндап берді.

Кеген орман шаруашылығы КММ-нің директоры — Айболат Сұлтанғазиев

«Қазіргі көріп тұрғандарыңыз базалық тәлімбақ. Аумағы — 54 га. «Тұйық» орман шаруашылығында аумағы 5 гектар болатын тағы бір уақытша питомник бар. Мына тәлімбаққа біз жылда Шренк шыршасын егеміз. Ол үшін алдымен бір жыл бұрын шыршаның бүрлерін теріп алып, кептіреміз. Одан кейін, тұқымын жинап аламыз. Сосын зертханаға апарып тұқымның сапасын анықтаймыз. Оны әйнек құтыларға салып, қоймада сақтаймыз. Сосын 45 күн қарға көмеміз. Одан кейін, шығарып кептіріп, марганцовкамен жуамыз. Дайын тұқымды,  арнайы қарықтарға (грядка) егеміз. Күннен қалқалау үшін осындай қалқандар орнатамыз», — деді Айболат Сұлтанғазиев.

Жасыл-желектің күтімі мұнымен біткен жоқ. Шаруалардың айтуынша, отырғызған соң уақытылы суаруы бар, тіпті түнгі сағат 3-те тұрып торғайларды үркітеді. Жас шыршалардың арасына бір тал болсын арам шөп өспеу үшін, маусымдық жұмысшылар келіп шөбін жұлып, жаз бойы қарайды. Бір сөзбен айтқанда «кішкентай бала» сияқты баптайды екен.

«Шренк шыршасын 4 жылдан кейін биіктігі, діңінің қалыңдығы белгіленген стандартқа жеткен соң тау беткейіне отырғызамыз. Ол егілетін жерінің өзін бір жыл бұрын дайындаймыз. Тау бөктеріндегі арнайы көлік жүре алатын жерлер соқамен жыртылады. Ал биік жерлерді қолдың күшімен қазуға тура келеді. Арнайы алаңшалардың ені 0.80 см, ұзындығы 1.80 см, ал әр алаңшаның арасы 1.5 метр болады. Әр шұңқырға арасын 25 см етіп, бес-бестен көшеттер отырғызылады», — деп атап өтті Кеген орман шаруашылығы КММ-нің директоры.

Шренк шыршаларының екі-үш жылдық көшеттері

Алматы облысы Президент тапсырмасын биыл 100 пайыз орындады. Бұл туралы Алматы облысының «Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің басшысы Қанат Нүсіпбаев айтып берді.

«Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің басшысы Қанат Нүсіпбаев

«Алматы облысында биыл 2430 гектар жоспар тұр. Оның 80 гектары көшетпен отырғызу. Бұл жоспарды біз осы көктемде 100 пайыз орындадық. Қалған жұмыстар күзгі тұқым егу. Ол сексеуіл тұқымдарын себу. Бұған қажетті қаражат бөлініп, көшеттермен толық қамтамасыз етілді. Біз бұл жерде өзіміздің Алматы облысының ауа-райы мен топырағына бейімделген ағаш түрлерін өсіреміз. Ал артылған көшеттер елді-мекендерді көгалдандыруға жұмсалатын болады», — деді ол.

Жалпы Алматы облысында осындай 12 тәлімбақ (питомник) бар оның екеуі тұрақты, 10-ы уақытша. Бұл тәлімбақтар мен онда отырғызылатын көшеттер Алматы облысын толық қамтып, көршілес облыстарға да жіберіледі.

 Айта кетейік, республика бойынша барлығы 3178 га аумақта 251 орман тәлімбағы бар. Оларда қазіргі уақытта, 280 млн. астам 1 және 2 жылдық көшеттер өсіріледі. 2021-2024 жылдары еліміз бойынша барлығы 1 млрд. 150 млн. ағаш отырғызылды. Соған байланысты тапсырманың орындалу мерзімі ұзартылып, ормандарды молықтыру және қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарлар қайта бекітілді.

Тегтер: «Кеген орман шаруашылығы» КММБасты жаңалықтарЖалағаш ауылыЖатаған шыршакеген ауданыТабиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасытәлімбақШренк шыршасы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz