Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

«Dubai Oner Kerueni»: Қазақстандық жас талант Дубайда үздік деп танылды

Балнұр Асанова
24.11.2025
Алматы облысы, Мақала

Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен мектеп оқушылары арасындағы «Dubai Oner Kerueni» халықаралық байқауында Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы №1 мектеп-лицейдің 7-сынып оқушысы Исағали Сезім ұлттық нақыштағы авторлық қолөнер туындыларымен бас жүлдені жеңіп алды

Жас шебер қазылар алқасына үш бірдей ерекше жұмысын ұсынған:

  • «Қазақ даласы» – қой жүнін фетрге инемен тескілеу әдісі арқылы жасалған көркем туынды;
  • Қазақтың ою-өрнектері мен қарлығаш бейнесі – фетрге жүннен бедерленген ұлттық композиция;
  • Киіз үй макеті – ағаштан жасалған, дәстүрлі стильде безендірілген шағын мүсін.

Исағали Сезімнің айтуынша, оның басты мақсаты — қазақ мәдениеті мен ұлттық қолөнерін шетелдік көрерменге таныту.

«Дубайда өткен халықаралық байқауға қатысу мен үшін үлкен жетістік. Алғашында толқығаным рас, бірақ жақсы дайындықтың арқасында сенімділік пайда болды. Бас жүлде аталған сәт өмірімдегі ең ұмытылмас кезеңдердің бірі. Байқауға ұсынған қолөнер бұйымдарым қазақтың ұлттық ою-өрнектеріне негізделген. Өз мәдениетіміз бен тарихымызды шетелде таныстыру маған үлкен шабыт берді», — дейді жас шебер.

Сезім — ерекше білім беруді қажет ететін оқушы. Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары мен сөйлеу тілінің даму ерекшеліктеріне қарамастан, ол шығармашылыққа деген құлшынысын жоғалтпай, табанды еңбегі мен талантын дәлелдеп, биік нәтижеге жетті. Оның бұл табандылығы көптеген дарынды балаға үлгі болып отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, халықаралық байқауға түрлі елдерден келген ондаған жас дарын қатысқан. Солардың ішінен Сезімнің ұлттық өрнектерге негізделген жұмыстары ерекше бағаланып, бас жүлдеге лайық деп танылған.

Тегтер: Dubai Oner KerueniАлматы облысыБасты жаңалықтарДубайЖамбыл ауданыИсағали СезімҰзынағаш

Соңғы жаңалықтар

«Все филиалы вузов в Казахстане призваны способствовать повышению конкурентоспособности в сфере высшего образования» — президент в Алматы

Николай Иващенко
19.03.2026

В Конаеве ведется строительство системы очистки сточных вод

Николай Иващенко
19.03.2026

Системная работа в рамках проекта «Алатау аманаты»

Николай Иващенко
19.03.2026

Декада Наурызнама в Алматинской области: какие мероприятия пройдут в ближайшие дни

Николай Иващенко
19.03.2026

В Алматинской области врачи спасли жизнь 64-летнему пациенту с тяжелой сосудистой патологией

Николай Иващенко
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz