Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

Бүгін Қасиетті Қадір түні. Ендеше бұл түнді қалай өткізген абзал?

Ислам дінінде Рамазан айы қасиетті ай болса, қасиетті түн – Қадір түні. Бұл түні жер бетіне қасиетті Құран Кәрім түскен. Қадір түні жасалған ғибадат мың айға, яғни сексен үш жылға тең. Сол себепті мұсылмандар Қадір түнін күзетіп, ұйықтамай құлшылық етеді.

Мөлдір Иманмади
06.04.2024
Мақала
Фото: istockphoto.com

Фото: istockphoto.com

Осы орайда Қасиетті түннің сауабынан құр қалмау үшін не істеу қажет?

1. Алланың ризашылығы үшін ғибадат жасап, намаз оқып, құлдық сезімдерімізді арттыру.

2. Құран Кәрім оқылып, тыңдалып, түсінуге ынта қойып, Құран Кәрімге сүйіспеншілік пен байланыстар орнату.

3. Мұхаммед пайғамбарға салауат айтып, оның шапағат етуінен үміттеніп, оның үмметінен болғанын саналы түрде сезініп, оның жолын берік ұстану.

4. Уағыз-насихат тыңдап, сұхбаттар құрып, күнделікті күйбең  тіршілік барысында жүрекке түскен кірбіңді жуып-шайып, көңілге ұялаған кір мен күмәннан арылу.

5. Қадір түнінің маңызына байланысты және Қадір түніне қатысты жеткілікті мағұлмат беретін дін адамдарымен сұхбат құру. Әсіресе, адам өз-өзімен сұхбаттасып, қателіктерін танып, кемшіліктерін жоюға күш салуға, адамдармен достық қарым-қатынасын күшейтуге, бірлік пен біртұтастықты арттыруға мән беруге тиіс.

6. Тәубе айтып, кешірім сұрап, өз нәпсісін есептен өткізіп, қателік жасаудан сақтанып, қайырлы істерді жасауға құштар болу.

7. Алланы зікір етіп, еске алумен жүрекке тыныштық ұялатуға барынша әрекет жасап, иманды күшейту.

8. Жиі-жиі дұға жасау керек, өйткені дұға – адамды Ұлы Жартушыға жақындататын дәнекер. Мұхаммед пайғамбар бұл түні көбінесе «Аллаһым сен кешірімдісің, кешіруді сүйесің, мені кешіре гөр» деп дұға еткен.

9. Қадір түнінің күндізін де бейне кеш секілді өткізу.

10. Қадір түнінің құрметіне бүкіл мұсылмандардың күнәларының кешірілуін тілеу. Қадір түнінің жақсылыққа мұрындық болуын, достық пен бауырмашылдықты арттырып, ислам әлемінің біртұтастығын және күллі адамзатты апаттардан сақта деп тілеу шарт.

Қадір түні күн батқаннан таң атқанға дейін жалғасады. Сол себепті мүмкіндігінше ұйықтамаған дұрыс. Тек ұйықтамай, ояу жүрсе болды деу қате. Жоғарыда айтқанымыздай, намаз оқып, дұға-тілек жасап, иманды күшейтіп, ренжіткен адамдарды кешіріп, садақа беріп, ізгілікке ұмтылған жөн. Бірақ пітір садақаны дәл Қадір түні не осы қасиетті түнге дейін беріп тастау керек деген еш жерде жазылмаған.

Қадір түнінде дастархан жаюдың қажеті жоқ. Үйге жақсылық кіреді деп есік-терезелерді ашып қою да – қате түсінік. Қадір түні – құлшылық түні. Алла пенделерінің дұға жасап, намазға жығылып, кешірімді, мейірімді адамға айналғанын қалайды.

Қадір түнінде арақ ішкіш, ата-анасының қарғысын алған, туыстарынан қол үзген, мұсылман бауырымен үш күннен артық араздасып жүрген адамдардың дұға-тілегі қабыл болмайды. Сондықтан жаман әдетті қойып, ата-ананың разылығын алып, туған-туыстарымен араласып, араздасқан адамдармен татуласқан жөн.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚадір түніҚадір түні 2024Қадір түнін қалай өткізу керек

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области состоялся диалог с молодежью о новой Конституции

Николай Иващенко
22.02.2026

Пять тысяч военнослужащих приняли участие в масштабной проверке Десантно-штурмовых войск

Николай Иващенко
22.02.2026

Подростка привлекли к ответственности за ложное сообщение о теракте в Костанае

Николай Иващенко
22.02.2026

Два рыбака застряли на отколовшейся льдине на Капчагае

Николай Иващенко
22.02.2026

Минторговли намерено увеличить экспорт готовой продукции Алматы и Алматинской области на 1,5 млрд долларов США к 2030 году

Николай Иващенко
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz