Top.Mail.Ru
Воскресенье, 1 февраля, 2026
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Аймақ

Балқашқа құятын өзен арналары тазартылып жатыр

Балқаш көліне құятын негізгі өзендердің бірі – Тентек пен Топар өзендерінің арналары жүйелі түрде тазартылып жатыр, деп хабарлайды Alataunews.kz.

by Мөлдір Иманмади
04.08.2025
in Аймақ, Алматы облысы, Мақала

Бұл – экожүйені қалпына келтіру мен көлдің деңгейін сақтап қалуға бағытталған маңызды мемлекеттік бастамалардың бірі. Топар ауылдық округінің әкімі Нұрғожаев Қуат Жолтайұлының айтуынша, Іле өзенінен бастау алатын барлық тармақты өзектердің Балқаш көліне құюын қамтамасыз ету – мемлекет тапсырған негізгі міндеттердің бірі. Осы мақсатта өткен жылы Алматы облыстық табиғи ресурстар департаменті мен облыс әкімі Марат Елеусізұлының қолдауымен Тентек және Топар өзендерін тазарту 2025 жылғы жоспарға енгізілген еді.

«Өздеріңіз көріп отырғандай, тазалау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Тентек өзені келесі жылы да тазартылатын болады. Бұл өзеннің жалпы 17,5 шақырымы механикалық тазартудан өтуі керек», — деді әкім.

Қазіргі уақытта өзеннің екі жағы да тазалануда. Тазалау жұмыстарының барысымен танысқан учаске бастығы Битанов Нұрайдар Дәулетбақұлы да техникалық процестің ерекшеліктерімен бөлісті.

«Екі экскаватор мен бір тракторшы, барлығы бес адам жұмыс істеп жатырмыз. Көп жағдайда техникаларымыз батпаққа кіріп кетіп, оларды қайта шығару үшін біраз қиналамыз. Дегенмен күнделікті екі трактор шамамен 300 метр жерді тазартады. Қазіргі уақытта, өзеннің арғы бетінде 5,5 шақырым тазаланып үлгердік. Жұмысты қазан айының соңы мен қараша айының басында толықтай аяқтауды жоспарлап отырмыз», — деді ол.

Мамандардың айтуынша, Тентек пен Топар өзендері Іледен бастау алып, Топар ауылын айналып өтіп, Балатопар өзенімен қосылады. Ал Балатопар өзені тікелей Балқаш көліне құяды. Бұл өзендердің табиғи арналарын қалпына келтіру — өңірдің аграрлық секторына да оң әсер етеді.

«Мұндағы негізгі мақсат – шаруашылық қожалықтарға қолайлы жағдай жасау, мал суғару мүмкіндігін қамтамасыз ету және табиғи флора мен фаунаны сақтау. Сонымен қатар өзектер арқылы Балқаш көліне суды жеткізіп, көлдің құрғап кетуінің алдын алу – басты міндет», — деп атап өтті округ әкімі Қуат Нұрғожаев.

Айта кету керек, көктемде Топар өзенінің 15 шақырымы тазартылған. Қазіргі уақытта 9,5 шақырымнан астам бөлігі механикалық тазалаудан өтті. Жоғарғы жақта Орловский су жүйесіне құятын жерге шлюз орнату жоспарлануда. Бұл — суды басқаруға және өзен арнасының деңгейін бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Жоба аясында облыстық бюджеттен 420 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл қаражат өзендердің арналарын механикалық тазарту, құрылыс техникасын тарту, шлюз орнату секілді кешенді жұмыстарға жұмсалуда.

Табиғат ресурстарын сақтауға бағытталған бұл шаралар Балқаш экожүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге үлес қосады. Су арналарын қалпына келтіру арқылы көлге құятын су көлемін арттыру – тек экологиялық емес, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық мәні бар стратегиялық қадам.

 

Tags: Балатопар өзеніБалқаш ауданыБалқаш көліБасты жаңалықтарТентек өзеніТопар өзені

Ұсынымдар

Алматы облысының мұғалімі республикалық педагогикалық хакатонда жеңіске жетт

29.01.2026

Нипах вирусы: қазақстандықтарға қауіпті елдерге бармауға кеңес берілді

29.01.2026

Тоқаев баспасөз хатшысын ауыстырды: Айбек Смадияров тағайындалды

29.01.2026

Алматы облысында жалған әкімдік шешімдері арқылы жер бөлінген

29.01.2026

Қонаевта нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері талқыланды

29.01.2026

Алматы облысында еңбек адамдары марапатталды

29.01.2026
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz