Top.Mail.Ru
Воскресенье, 1 февраля, 2026
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Мақала

«АзияАгроФуд» мемлекеттік қолдаудың арқасында жүгеріні терең өңдеу қуатын кеңейтуде

Алматы облысында Солтүстік Қазақстан облысының табысты тәжірибесін тираждау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Аталған бағдарлама шеңберінде 2026 жылы өңірге республикалық бюджеттен 4 млрд теңге бөлінді.

by Мөлдір Иманмади
22.01.2026
in Мақала

Жалпы қаржыландыру көлемінің 2,5 млрд теңгесі «АзияАгроФуд» АҚ-на жүгеріні терең өңдеу жобасын іске асыруға және заманауи технологиялық жабдықтар сатып алуға бағытталды. Жобаны ағымдағы жылы іске асыру жоспарланып отыр. Бұл өндіріс көлемін арттыруға, қосылған құны жоғары өнімдер шығаруға және қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта кәсіпорын тәулігіне 200 тонна жүгері өңдейді, бұл жылына 60 мың тоннадан астам өнімге тең. Жоба толық іске асқаннан кейін өндірістік қуат тәулігіне 350 тоннаға дейін ұлғайып, жылына қосымша 30–40 мың тонна жүгері өңдеуге жол ашады. Осылайша, шикізат сатып алу көлемі 70 мың тоннадан 120 мың тоннаға дейін өседі.

Жобаның өңір үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы зор. Бүгінде кәсіпорында 500 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндіріс кеңейтілгеннен кейін шамамен 70 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жұмысшылардың 99 пайызы – жергілікті тұрғындар. Орташа жалақы мөлшері 300 мың теңгені құрайды.

Өңдеу қуаттарының артуы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мүддесіне тікелей сай келеді. 2022–2023 жылдары жүгеріден мол өнім алынған кезеңде Алматы облысы мен Жетісу облысының аграршылары өнімді өткізу мүмкіндіктерінің шектеулі болуына байланысты қиындықтарға тап болған еді. Өңдеу инфрақұрылымының жеткіліксіздігі шаруа қожалықтары үшін қосымша тәуекелдер туғызды.

Осы жағдайларды және салалық тәжірибені ескере отырып, «АзияАгроФуд» АҚ өндірісті кеңейту туралы стратегиялық шешім қабылдады. Жоба терең өңдеудің тұрақты инфрақұрылымын қалыптастыруға, мол өнім жылдарында нарықтағы ауытқуларды теңестіруге және фермерлер үшін тұрақты әрі болжамды өткізу нарығын қамтамасыз етуге бағытталған.

“Бұл – біз үшін стратегиялық қадам. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда атап өткендей, алдағы он жылда Қазақстан астықты терең өңдеу өнімдерін өндіру және экспорттау бойынша әлемдегі жетекші он елдің қатарына қосылуы тиіс. Еліміздің ауыл шаруашылығында әлеует зор, енді сол мүмкіндікті нақты нәтижеге айналдыратын уақыт келді. Президенттің, Үкіметтің және Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауының, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының озық тәжірибесін тираждау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар аясында біз өндірісті жаңа сапалық деңгейге көтеруге мүмкіндік алып отырмыз. Жоба іске асқаннан кейін зауыттың қуаттық шектеулері жойылып, жүгеріні әлдеқайда көп көлемде қабылдап, өңдеуге жол ашылады. Ең маңыздысы – бұл бастаманың игілігін тек кәсіпорын ғана емес, бүкіл өңірдің аграрлық қауымдастығы көреді”, – деді «АзияАгроФуд» АҚ басқарма төрағасы Саян Ашенов.

«АзияАгроФуд» АҚ бидай мен жүгеріні өңдеу арқылы ұн, сірне және өзге де өнімдер, сондай-ақ құрама жем өндіруге маманданған. Компания құрамына тәулігіне 400 тонна бидай өңдейтін диірмен кешені, тәулігіне 200 тонна жүгері өңдейтін өндіріс және тәулігіне 600 тонна дайын өнім шығаратын құрама жем зауыты кіреді. Өндірілетін өнімнің 50 пайызы ішкі нарыққа, қалған 50 пайызы экспортқа бағытталған.

Айта кетейік, «АзияАгроФуд» АҚ 1999 жылы құрама жем зауытын жаңғырту арқылы ұн өндіретін кәсіпорын ретінде құрылған. Кейіннен компания Қазақстандағы жүгеріні терең өңдейтін алғашқы зауытқа айналды. 2006 жылы жүгері қалдықтарын толық қайта өңдеп, құрама жем өндіретін зауыт іске қосылды. Қазіргі уақытта, кәсіпорын тәулігіне 30-дан астам түрлі жем түрін өндіреді, жалпы өндіріс көлемі тәулігіне 600 тоннаға жетеді.

Зауыт басшылығының мәліметінше, бірнеше жыл бұрын шаруалардың жүгері өнімділігі артып, оны өткізе алмай қиындыққа тап болғанын көрген соң, өндірісті кезең-кезеңімен кеңейту туралы шешім қабылданған. Осы мақсатта инфрақұрылым біртіндеп жаңғыртылып, алдымен шаруалардың жағдайын жақсартуға басымдық берілген.

Қазіргі уақытта зауытта 35 мың тоннаға дейін жүгері сақтауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар Еңбекшіқазақ ауданында жылына 20 мың тонна және Жаркент қаласында жылына 30–35 мың тонна өнім қабылдайтын пункттер жұмыс істейді. Бұл жалпы облыс бойынша өндірілетін жүгері көлемінің 20–30 пайызын құрайды.

Зауыт басшылығының айтуынша, өндірісті кеңейту жобасын 2026 жылдың қыркүйек айына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.

Tags: АзияАгроФудАлматы облысының ауыл шаруашылығыБасты жаңалықтаржүрегіні терең өңдеу

Ұсынымдар

Алматы облысының мұғалімі республикалық педагогикалық хакатонда жеңіске жетт

29.01.2026

Нипах вирусы: қазақстандықтарға қауіпті елдерге бармауға кеңес берілді

29.01.2026

Тоқаев баспасөз хатшысын ауыстырды: Айбек Смадияров тағайындалды

29.01.2026

Алматы облысында жалған әкімдік шешімдері арқылы жер бөлінген

29.01.2026

Қонаевта нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері талқыланды

29.01.2026

Алматы облысында еңбек адамдары марапатталды

29.01.2026
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz