Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

АУДАРМАТАНУ: ТАНЫМ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ

2024 жылдың 15 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойына орай филология факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен «Аударматану: таным және тәжірибе» атты дөңгелек үстел өтті.    

Мөлдір Иманмади
26.02.2024
Мақала
Фото: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі

Фото: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі

Аударматану саласының өзекті мәселелерін жаңа заман тұрғысынан бағамдап, ғылыми-теориялық ойларды сараптауды, тәжірибе алмасуды мақсат еткен шарамызға, негізінен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің ғалымдары, докторанттары мен магистранттары және студенттер қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қазіргі аударматану ғылымының дамуындағы өзекті мәселелер, мәдениеттер тоғысындағы аударматану ғылымының өткені, бүгіні мен келешегі, оған қатысты қалыптасқан  жаңа үрдістер мен дәстүрлі бағыттар талқыланып, білікті мамандар практикалық тұрғыдан жинақтаған өз тәжірибелерімен бөлісті.

Дөңгелек үстел модераторы ‒ ф.ғ.к., аға куратор-эдвайзер Байелі Әсел Жарылқасынқызы өзінің кіріспе сөзінде қазіргі заманғы аударматану ғылымы алдында шешуді қажет етіп тұрған келелі міндеттер мен тенденцияларға арнайы тоқтап өтіп, дөңгелек үстел жұмысына сәттілік тіледі. Ф.ғ.к., профессор Мұсалы Ләйла Жұматайқызы «Көркем тәржіманың тарихы мен болашағы» тақырыбында жасаған баяндамасында Қазақстан және шет елдердегі мәдениаралық коммуникация аспектісіндегі қазіргі аударматану ғылымына қатысты туындап отырған көкейтесті мәселелермен жиналған тыңдармандарды таныстырып өтті.  Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Алпысбаева Айгүл  Ерболатқызының «Қазіргі қазақ аударма индустриясы» атты баяндамасында аударма жасау кезінде инновациялық әдістер мен заманауи цифрлық технологиялар қолданудағы жетістіктер мен соған сай жаңа көзқарастар жайында сөз етілді. Сондай-ақ кафедраның аға оқытушысы Азимбаева Индира Қайратқызының «Абайды білмек парыз» баяндамасы аударматану мен лингвомәдени концептология және ұрпақтардың мәдени сабақтастығына арналып, онда  ғалым Абай шығармаларын басқа тілдерге аудару кезінде туындайтын қиындықтарға тоқтала келе, соған қатысты мәдениаралық коммуникация аспектісін қазіргі аударматану ғылымында тиімді пайдалану жолдарын да атап өтті. Ал аға оқытушы Төреханова Рауана Аманбайқызының «Гендерлік ерекшеліктердің тіл және аудармадағы көрінісі» тақырыбындағы баяндамасында Қазақстанның этносаралық толеранттық және қоғамдық келісім моделіне сәйкес жасалып, онда қазақ әйелі мен оның басқа адамдармен қарым-қатынас жасау барысында кездесетін тілдік ерекшеліктеріне арнайы ғылыми тұрғыдан көңіл бөлініп, баяндама тілдік тұлға және этникалық ренессансты этнос тілі тұрғысынан ескерудің бүгінгі аударматанушы мамандар үшін маңыздылығына арналған.

Шара барысында кафедраның 2-курс докторанты Стамбекова Айжан Ермековна өзінің жасаған «Көркем әдебиетте сленгті ағылшын тілінен орыс және қазақ тілдеріне аударудағы қиындықтар»  атты баяндамасында тілдер мен мәдениеттер диалогы және соған қатысты жүргізілетін пәнаралық зерттеулер, мәдениеттер тоғысындағы аударматану ғылымы, оның әдіснамалық негіздері және оған тән өзіндік ерекшелігі мен келешегі  туралы сөз етіліп, аударматану саласын ғылыми тұрғыдан зерттеудің жаңа деңгейі көрсетілді.

 

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

 филология факультетінің  шетел филологиясы және

аударма ісі кафедрасының докторанты Айдана Мүтәліп, аға оқытушысы,

ф.ғ.к. Байелі Ә.Ж., PhD Алпысбаева А.Е. 

Тегтер: Аударматануәл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Соңғы жаңалықтар

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz