Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

 Ащысай қалай үлгілі ауылға айналды? Әкіммен ашық сұхбат

Алматы облысында алғаш рет өткен «Үлгілі ауыл» байқауында Еңбекшіқазақ ауданының Қаратұрық ауылдық округіне қарасты Ащысай ауылы жүлделі үшінші орынды иеленді. Ауылға Беларусь тракторы сыйға тартылып, бұл тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы болды.

Мөлдір Иманмади
11.12.2025
Мақала

Ауылдың инфрақұрылымын дамыту, экологиялық жағдайын жақсарту және тұрғындардың белсенділігін арттыру бағытында атқарылған жұмыстар жайында біз Қаратұрық ауылдық округінің әкімі Айбек Қасымханұлы Ілебаевпен сұхбаттасқан едік. Неге дәл осы әкім? Себебі ол 2024 жылы ел назарында болып, «Жылдың есте қалған 10 тұлғасының» қатарына енген болатын. Сонымен қатар, Айбек мырза басқарып отырған Қаратұрық өңірі Алмалы бақтың ауданы бойынша әлем бойынша үздік деп танылды.

– Байқау туралы жалпы әсеріңіз қандай?

— Осы жолғы байқау облысымызда алғаш рет өткізіліп отыр. Байқау бізге көптеген мүмкіндіктер берді, жаңа бағытта дамуға және күнделікті атқарылатын жұмыстарымыздың жаңа мүмкіндік екенін білдік. Байқауды ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін.

– Байқауға дайындық кезінде ауылда қандай жұмыстар жүргізілді? Қандай бағыттарға ерекше көңіл бөлдіңіздер?

— «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 600 орындық жаңа мектеп құрылысы басталып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Ащысай ауылын толықтай жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында абаттандыру және тазалық жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып отырды.

«Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында салынған мектеп

– 16 критерий бойынша бағаланған байқауда қай бағыттардан жоғары нәтиже көрсеттіңіздер?

— 14 критерий бойынша жоғары бағаланды. Атап айтсам, «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 600 орындық мектеп құрылысы жүріп жатыр. 50 орынға арналған спорт кешені 2024 жылы пайдалануға берілді. Ауыл толықтай жарықтандырылды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында 4 заңсыз қоқыс алаңы жойылды. Жол бойлары тазартылды. Жаз айларында жастарды жұмысқа қабылдап, «Жасыл ел» акциясын ұйымдастырдық.

 

– Байқау барысында сыйға берілген трактордың ауыл үшін маңызы қандай?

— Бұл сыйлығымыз тек бізге емес, облыс бойынша үлкен серпін берді десек артық айтпаймын. Ауылдық округте еңбек ететін әр азамат үлкен техниканың жұмысты тез әрі тиімді жасауға мүмкіндік беретінін біледі. Сондықтан трактор – біз үшін өте қажетті қолдау.

– Бұған дейін техника тапшылығы болды ма? Жаңа техника қандай проблемаларды шешеді?

— Осы уақытқа дейін Қаратұрық ауылдық округі әкімдігінде ешқандай техника болмаған. Жаңа техника әсіресе санитарлық тазалық кезінде үлкен көмек береді. Қысқы уақытта жол тазалау, заңсыз қоқыс алаңдарын жою сияқты жұмыстарда әсері мол. Президент бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жобасын одан әрі тиімді жүргізуге жаңа техника айтарлықтай мүмкіндік туғызады. Бұл – басқа округтерге де үлкен мотивация.

– Ащысай ауылындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай қандай?

— Ауылдағы халық саны – 3848, ал аула саны – 618. Соңғы жылдары ауылда жайлы мектеп, заманауи спорт кешені, шағын спорт алаңы, балалар ойын алаңы салынды. Бұл – халықтың өмір сапасына тікелей әсер еткен оң өзгерістер.

– Байқаудан кейін қандай жаңа жоспарлар бар? Қандай бағыттарды күшейтпексіздер?

— Жаңа ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізу жоспарлануда. Ал берілген техника арқылы қысқы жол тазалау, қоқыс шығару сияқты жұмыстарды әкімдік күшімен орындап, ауыл тазалығын күшейтуді көздейміз.

– Осындай жобалардың ауылдарға беретін пайдасы қандай? Әкімдік тарапынан қолдау сезілуде ме?

— Мұндай байқаулар басқа ауылдардың да «Үлгілі ауыл» қатарына қосылуына түрткі болады. Ауылдардың көркеюіне нақты ықпал етеді деп есептеймін. Әкімдік тарапынан ақпараттық қолдау барынша көрсетілді.

– Экологиялық мәдениетті арттыру бағытында қандай шаралар атқарылды?

— Қоғамдық орындарға 12 қоқыс жәшігі орнатылды. Алматы–Көкпек тас жолы бойындағы ағаштар әктелді. 50 түп ағаш отырғызылды.

– Байқау ауыл тұрғындарының ынтасына қалай әсер етті?

— Ұйымдастырылған сенбіліктерге тұрғындар толық қатысты. Ауыл азаматтары өз қаражаттары есебінен орталық мешітті күрделі жөндеуден өткізді. Бұл – ортақ жауапкершіліктің жарқын көрінісі.

– Байқаудан қандай қорытынды шығардыңыз? Ауыл басшысы ретінде ең үлкен сабақ қандай болды?

— Мемлекет және облыс басшылығы тарапынан ауылдық округтерге үлкен қолдау көрсетіліп келеді. Біздің жетістігіміз соның айқын дәлелі. Күнделікті жұмысымызды сапалы әрі жоғары деңгейде атқарсақ, еңбегіміз назардан тыс қалмайды. Ең маңыздысы — өз міндетімізді сенімді әрі сапалы атқарып, алда республика көлемінде де үлкен жетістіктерге жетеміз деп сенемін.

Ащысай ауылының үшінші орын алуы – ауыл әкімдігі мен тұрғындардың бірлескен еңбегінің нәтижесі. Жаңа мектеп, спорт нысандары, экологиялық акциялар, инфрақұрылымды жаңарту және жаңа техника – ауылдың даму қарқынының айқын көрсеткіші. Бұл жетістік ауылдың ғана емес, өңірдің де дамуына серпін берері сөзсіз.

Еске салсақ, Қаратұрық ауылдық округі өткен жылы әлем бойынша «Ең алмалы ауыл» атағын иеленген болатын. Бүгінде округте 1000 гектарға жуық аумақта алма бақтары тамшылатып суару әдісімен өсіріліп, өңірдің негізгі брендтерінің біріне айналды. Ауыл әкімі Айбек Қасымханұлы инвесторлар тарту арқылы ауыл тұрғындарының тұрақты жұмыспен қамтылуына жол ашып, әлеуметтік-экономикалық дамуға тың серпін беріп отыр. Сонымен бірге, округтегі өзекті мәселелердің 100 пайызы шешіліп, нәтижесінде Айбек Қасымханұлы 2024 жылы «ерекше есте қалған 10 тұлғаның» қатарына енген еді. Бұл — жауапкершілікпен атқарылған еңбектің, шынайы көшбасшылықтың айқын көрсеткіші. Ащысайдың бүгінгі жетістігі де — сол жүйелі жұмыстың, ауыл халқының бірлігі мен ынтасының, ортақ мақсатқа деген адалдығының нәтижесі.

Ауылдың дамуы жолында аянбай еңбек етіп жүрген ауыл әкіміне — бастаған игі істеріңіз баянды болып, елді мекенді өркендету жолындағы қажырлы еңбегіңізге қанат бітсін дейміз. Ал Ащысай ауылының барлық тұрғындарына — береке, тыныштық, ырыс тілейміз. Бірлігі жарасқан, алуы кемел, болашағы жарқын ауыл бола беріңіздер!

Тегтер: Айбек ІлебаевБасты жаңалықтарЕң алматы ауылҚаратұрық ауылдық округыҮлгілі ауыл

Соңғы жаңалықтар

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz