Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

Алматы облысының Қоғамдық кеңесі өңірдің басты мәселелерін үкіметке жеткізді

2025 жылдың 11 шілдесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жанболат Жөргенбаев, Сұлтан Дүйсембинов, Жанарбек Әшімжан, Данияр Каскарауов, Закиржан Кузиев, Максим Рожин және Марат Қожаев жұмыс сапарымен Алматы облысына келіп кездесу өткізді.

Мөлдір Иманмади
15.07.2025
Мақала

Кездесуді облыстық мәслихат ұйымдастырып, оған барлық деңгейдегі мәслихат төрағалары мен облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Бұл жиын — өңірдің түйткілді мәселелерін жергілікті жерден тыңдап, шешу жолдарын бірге қарастыруға арналған маңызды диалог алаңы болды.

Жиын барысында 5 аудан, 2 облыстық маңызы бар қаланы аралауда келіп түскен мәселелерді қорытындылап Парламент депутаттары — Жанболат Әкебайұлы, Сұлтан Дүйсембинов, Жанарбек Әшімжан сөз сөйледі. Мәселелерді ортаға салып талқылады.

Су тапшылығы — өңірлік қауіпсіздік мәселесіне айналып отыр

Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжанның айтуынша, бұл сапар жай ғана кезекті кездесу емес, нақты бір жүйелі проблемаларды көтеру мақсатында ұйымдастырылған.

     «Депутаттар демалысқа шығар алдында әріптестерімізбен бірге өңірлерді аралап шықтық. Бұл жолғы басты назар – су, канал, ирригация мәселелеріне ауды. Әсіресе шаруалармен көбірек жұмыс істедік. Себебі, соңғы уақытта ауыл шаруашылығы саласында қалыптасқан проблемалар аз емес. Бұл ерекше алаңдаушылық тудыратын мәселе. Біз осыны ескере отырып, нақты шешімдер әзірлеп жатырмыз», – деді депутат.

 

 

 

 

Су тапшылығы мен суармалы жерлердің азаюы — қазіргі уақытта, тек аграрлық емес, экологиялық және экономикалық қауіпсіздік мәселесіне айналып отыр. Ауылдағы халықтың негізгі күнкөрісі – егін және мал шаруашылығы болса, бұл салалардың дамуына тікелей әсер ететін ирригациялық жүйелердің тозуы, жаңғыртылмауы – күрделі мәселелердің бірі. Бұл ретте депутаттар тарапынан су ресурстарын басқару жүйесін қайта қарау, жергілікті жобаларды республикалық деңгейде қолдау туралы ұсыныстар айтылды.

Ауыл шаруашылығы саласында жүйелі өзгеріс қажет

Өз кезегінде, Алматы облыстық Қоғамдық кеңесінен ауылшаруашылығы ғ.д., академик Тынышбай Досымбекұлы өңірімізде ауылшарушылығын дамытуда ғылыми зерттеу жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Селекцияда ұтылып тұрған тұстарымызға тоқталып, қой шаруашылығын дамытуға байланысты Жамбыл ауданында қолға алынып жатқан ҒЗИ-дың ұйымдастырушылық сұрақтарын мәселе ретінде көтерді.

Алматы облысының Қоғамдық кеңесінің аграрлық секторы бойынша комиссия төрағасы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик Тынышбай Досымбеков өз сөзінде өңірде бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Алайда, атқарылып жатқан жұмыстардың баяу қарқыны қоғамда алаңдаушылық тудырып отыр.

«Облыстың барлық аудан, қалаларын аралап шықтық. Жұмыс мүлдем жоқ деп айта алмаймыз, бірақ кешіктіріліп жатқан, тездетуді талап ететін бағыттар көп. Сондықтан, заманауи, болашаққа оң әсер ететін жобаларды жедел іске асыру қажет», – деді ол.

Бұл сұрақтың тездетіп  шешім табуына Сенат депутаттары Жанболат Жөргенбаев пен Сұлтан Дүйсембинов ағаларымыз тікелей атсалысып отырғандығын айта кеткен жөн.

Сарапшылардың айтуынша, аграрлық салада тиімділікке қол жеткізу үшін тек өндірісті ғана емес, ауыл инфрақұрылымын да жетілдіру қажет. Бұл — ауыл жастарының ауылда қалуына, әлеуметтік теңдіктің қалыптасуына ықпал ететін басты фактор.

Халық үні – басты назарда

Облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Қазыбек Дауталиев кездесуде соңғы бір ай ішінде халықпен болған белсенді жұмыс нәтижесімен бөлісті. 37 күн ішінде 19 кездесу өткізіліп, 221 өтініш пен ұсыныс тіркелген. Оның ішінде 17 мәселе республикалық деңгейде шешуді қажет етеді.

«Бұл жерде жер дауы, экологиялық жағдай, азаматтық борыш, және Алатау қаласына байланысты бірқатар өзекті мәселелер бар. Мұндай күрделі түйткілдерді тек халықпен ақылдаса отырып шешу қажет. Біз ұсыныстарымызды жүйелеп, үкіметке жолдаймыз. Себебі, біріккен кезде ғана нақты нәтижеге жете аламыз», – деді Қоғамдық кеңес төрағасы.

Сонымен қатар, ол Алатау қаласына қатысты айтылған спецификалық мәселелер – жаңа қаланың құрылуымен бірге туындаған әлеуметтік, инфрақұрылымдық, құқықтық сұрақтарды да көтерді. Бұл бағытта да кешенді шешімдер қажет екенін жеткізді.

 

Кездесу қорытындысы: Жергілікті және орталық деңгейдегі әріптестік қажет

Кездесу барысында қатысушылар жергілікті және республикалық билік органдарының бірлескен іс-қимылы ғана нәтижелі өзгерістерге әкелетінін атап өтті. Мәжіліс депутаттары өз кезегінде түйінді мәселелерді Парламент деңгейінде көтеруге ықпал ететіндерін айтты. Себебі, халықтың сенімі мен үмітін ақтау — басты міндет.

Бұл кездесу – халық пен билік арасындағы ашық диалогтың, өзара сенім мен серіктестіктің маңызды көрінісі болды. Алдағы уақытта, қабылданатын нақты шешімдер мен реформалар осы кездесуде көтерілген мәселелердің шешілуіне негіз болмақ.

 

Тегтер: Алматы облысының Қоғамдық кеңесіАлматы облысының мәселелеріПарламент мәжілісінің депутаттары

Соңғы жаңалықтар

Снайперы ССО стали лучшими на Кубке Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Профилактические кабинеты открыты в Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Михаила Шайдорова встретили в Астане

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области открыли класс юных полицейских

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области прошел масштабный концерт в поддержку новой Конституции

Николай Иващенко
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz