Top.Mail.Ru
Воскресенье, 1 февраля, 2026
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Мақала

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Балқаш ауданының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Балқаш ауданының тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

by Мөлдір Иманмади
29.10.2025
in Мақала
Фото: Балнұр Асанова

Фото: Балнұр Асанова

Кездесуге мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың басшылары және жергілікті тұрғындар қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты – тұрғындарды толғандыратын әлеуметтік мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын нақты айқындау.

Алдымен Балқаш ауданының әкімі Азат Үкітайұлы Құтпанбетов өткен кезеңде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы есеп берді.

Келесі кезекте облыс әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиевтің «Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баяндамасы тыңдалды.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан түрлі әлеуметтік және инфрақұрылымдық сұрақтар көтеріліп, әкім нақты жауаптар мен түсіндірмелер берді. Кездесу барысында тұрғындар ауыл инфрақұрылымы, жол, газ және әлеуметтік нысандарға қатысты бірқатар сұрақтар қойды.

Бірлік ауылының тұрғыны Жандәулет Ахын ауылдағы мәдениет үйінің ескіргенін айтып, оған күрделі жөндеу қажет екенін жеткізді.

Бұл сұраққа жауап берген облыс әкімі:
«Бірлік ауылдық мәдениет үйін жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама дайындау үшін 19 млн теңге қаражат бөлу 2026 жылға арналған бюджетті нақтылау кезінде қарастырылады», – деді.

Балатопар ауылының тұрғыны Нұрлан Қашқынбаев ескі амбулаторияның жағдайына алаңдаушылық білдіріп, жаңа медициналық пункт салу туралы өтініш айтты.

Әкім бұл мәселенің шешімі бар екенін атап өтті:
«Қазіргі амбулатория қамыс-каркастан салынған, сондықтан жөндеу тиімсіз. Оның орнына блок-модульдік кешен орнату 2026 жылға жоспарланған. Барлық инженерлік-коммуникациялық желілер қамтамасыз етіледі», – деді ол.

Бура ауылының тұрғыны Қайрат Дүбеков ауылдарға газ тарту жайында сұрады.
Оның айтуынша, көрші Ақжар мен Береке ауылдарына газ желісі тартылып жатыр, ал Бура ауылына қашан кезек келетіні қызықтырады.

«Бура және Ақкөл ауылдарының газ желісін тартуға арналған жобалық-сметалық құжаттама дайын, сараптамадан оң қорытынды алынған. Газ тарту жұмыстары 2026 жылы басталады. Бураға – 381 млн теңге, Ақкөлге – 1,2 млрд теңге қаражат қажет», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Бекзат Жұмабеков М. Сеңгірбаев және Қарағаш орта мектептерінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары кезінде олардың материалдық-техникалық базасын да жаңарту қажеттігін айтты.

Бұл ұсынысқа әкім: «Қарағаш мектебінің жөндеу жұмыстары желтоқсанда аяқталып, 20 млн теңгеге жабдықтар жаңартылады. Ал М. Сеңгірбаев мектебі – өтпелі нысан, оның толық жаңартылуы 2026 жылға жоспарланған», – деп жауап берді.

Ерлан Данкебаев Топар–Қаншеңгел бағытындағы жолдың сапасы нашар екенін айтып, жөндеу қажет екенін жеткізді.

Әкім бұл бағыттағы жұмыстардың да бақылауда екенін айтты. Оның сөзінше, Топар–Қаншеңгел облыстық маңызы бар жолының 240–265 км аралығында орташа жөндеу жүргізілді. Қалған бөліктердегі шұңқырларды жамау жұмыстары қараша айының соңына дейін аяқталады.

Әкім тұрғындар көтерген мәселелердің әрқайсысы бақылауға алынатынын және арнайы іс-қимыл жоспары жасалатынын атап өтті. Аталған жоспардың орындалу барысы ресми интернет-ресурстарда және «Электрондық үкімет» веб-порталында тоқсан сайын жарияланып отырады.

«Біздің мақсат – халықтың өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік мәселелерді дер кезінде шешу. Әр ұсыныс пен сұрақ нақты нәтижеге бағытталады», – деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Кездесу қорытындысы бойынша барлық ұсыныстар жинақталып, бақылау тізіміне енгізілді. Балқаш ауданының тұрғындарымен осындай ашық форматтағы кездесулер алдағы уақытта да жалғасады.

Tags: алматы облысының жаңалықтарыБалқаш ауданыБасты жаңалықтарМарат Сұлтанғазиев

Ұсынымдар

Алматы облысының мұғалімі республикалық педагогикалық хакатонда жеңіске жетт

29.01.2026

Нипах вирусы: қазақстандықтарға қауіпті елдерге бармауға кеңес берілді

29.01.2026

Тоқаев баспасөз хатшысын ауыстырды: Айбек Смадияров тағайындалды

29.01.2026

Алматы облысында жалған әкімдік шешімдері арқылы жер бөлінген

29.01.2026

Қонаевта нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері талқыланды

29.01.2026

Алматы облысында еңбек адамдары марапатталды

29.01.2026
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz