Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Саясат

Жетім балаларды қабылдайтын кәсіби отбасы институты енгізіледі

Елімізде жетім балаларды қабылдаушы кәсіби отбасы институты енгізіледі. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың жауабында айтылған.

09.10.2023
Саясат

«Баланы қабылдап алушы ата-аналардың баланы асырау, тәрбиелеу және оқыту бойынша жүктелген міндеттердің орындалуын бақылауды қорғаншылық және қамқоршылық органдары жүзеге асырады, сонымен бірге қабылдап алушы ата-аналарға балалардың өмірі мен тәрбиесіне қажетті қалыпты жағдай жасауға көмек көрсетеді. Заңға сәйкес, қабылдап алушы ата-аналар бала он сегіз жасқа толғанға дейін қорғаншылық және қамқоршылық органдарына қабылдап алынған баланың тұрмыс жағдайы, білімі, тәрбиесі және денсаулығы туралы есеп беруге міндетті», — деп атап өтеді Үкімет басшысының орынбасары жауабында.

Оның атап өтуінше, жетім балаларды отбасына орналастыру мәселелері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органдарының және жетім балаларға арналған ұйымдардың қызметін үйлестіру мен бірыңғай бақылауды Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жүзеге асырады.

«Қазіргі таңда Парламент Мәжілісінде қаралып жатқан «Білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында жетім балаларды отбасыға орналастырудың баламалық нысаны ретінде қабылдаушы кәсіби отбасы институты енгізіледі. Заң жобасына сәйкес, қабылдаушы кәсіби отбасылар психологиялық дайындықтан, қорғаншылық және қамқоршылық органдарынан аккредитациядан өтіп, балалар анықталғаннан кейін тәуліктің кез келген уақытында денсаулық жағдайына қарамастан бірден қабылдайды», — деді Тамара Дүйсенова.

Премьер-министр орынбасарының пайымынша, қабылдаушы кәсіби отбасыларды енгізу балаларды қолдау орталықтарындағы тәрбиеленушілер санының төмендеуіне ықпал етіп, олардың қызметі балаларды тәрбиелеу мен күтіп бағудан кәсіби отбасыларды сүйемелдеуге және осы отбасыларға берілген балаларды бақылауға бағытталады.

Тегтер: Тамара Дүйсенова

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области состоялся диалог с молодежью о новой Конституции

Николай Иващенко
22.02.2026

Пять тысяч военнослужащих приняли участие в масштабной проверке Десантно-штурмовых войск

Николай Иващенко
22.02.2026

Подростка привлекли к ответственности за ложное сообщение о теракте в Костанае

Николай Иващенко
22.02.2026

Два рыбака застряли на отколовшейся льдине на Капчагае

Николай Иващенко
22.02.2026

Минторговли намерено увеличить экспорт готовой продукции Алматы и Алматинской области на 1,5 млрд долларов США к 2030 году

Николай Иващенко
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz