Петиция авторы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің (РҚБ) директоры Дидар Смагулов. Петиция Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне бағытталған. Оған 381 адам қол қойыпты.
«Сыбайлас жемқорлық, жымқыру – бұл шенеуніктер арасындағы құмар ойынға салынудың салдары. Ойнамайтындар тек санаулы. Алайда, лудоман шенеуніктердің мәселесі мемлекеттік ауқымда шешіліп жатқан жоқ. Мемлекеттік қызметшілерге, бюджетшілерге, әскери қызметкерлерге, ҰҚК, ІІМ қызметкерлеріне және басқа да қауіпсіздік қызметкерлеріне құмар ойындарға толық және сөзсіз тыйым салу қажет. Бұл, біздің шенеуніктер жақсы көретін сөзімен айтсақ, «сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады». Сонымен қатар, біздің шенеуніктер халықаралық тәжірибеге сілтеме жасағанды ұнатады. Ал Филиппин мен Моңғолия сияқты елдерде мұндай тыйымдар бар», — делінген петицияда.
Еске салсақ, Алматы облысында ойынханаға жүргізілген қызметтік тексеру кезінде 305 шенеуніктің 500 миллион теңгесін ойынға салғаны анықталған болатын.
Қоғам белсендісі Дидар Смағұлов қазақстандықтарды epetition.kz сайтындағы «Мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындарға тыйым салу» петициясына қол қоюға шақырды.
Фото: profi-detox.com.ua