Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Саясат

Жанармай сатылымын шектеу мәселесі Үкіметте талқыланды

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Үйлестіру орталығының отырысында ішкі нарықты мұнай өнімдерімен, оның ішінде дизель отынымен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар талқыланды.

08.04.2023
Саясат

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің баяндауынша, қазіргі уақытта республикада 309 мың тонна дизель отынының жиынтық қоры бар. Сәуір айында тағы 441 мың тонна отын өндірілмек.

Осылайша, осы айда дизельдің жалпы көлемі шамамен 750 мың тонна, ал болжам бойынша тұтыну көлемі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен ҚТЖ қажеттіліктерін қоса есептегенде, шамамен 510 мың тоннаны құрайды.

Министрдің мәліметінше, 7 сәуірдегі жағдай бойынша 415 жанармай құю станциясында дизель отыны болмаған, бұл – еліміздегі 3 163 нысанның 13%-ы.

Энергетика министрлігі тапшылықты тез арада жою үшін жанармай құю станцияларын қосымша отынмен қамтамасыз ету мақсатында өңірлер әкімдіктерінен өтінімдер жинады.

Сондай-ақ мемлекет өңдеу кәсіпорындарында өндіріс тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық шараны қабылдап жатыр. Атап айтқанда, Шымкент МӨЗ-ін жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталып, мұнай өнімдерін жөнелту басталып кетті. Бұл ретте ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен отын тапшылығы бар өңірлердегі жанармай құю бекеттеріне басымдық беріледі.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, соңғы күндері орын алған тапшылық жанармай құю станциялары иелерінің баға айырмашылығының қысқаруын күтіп, мұнай базаларындағы отын қорын жасырып қалуына байланысты болып отыр. Осылайша, жеке мұнай базаларында елде бар дизель отыны көлемінің 73%-ы жинақталған.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың ақпаратынша, өткен аптада 3 мыңнан астам жанармай құю станциясына талдау жүргізілген. Бұл ретте отын бола тұра, сауда-саттық көлемі азайып кеткен нысандарға ерекше назар аударылды. Яғни сатуды шектеу белгілері орын алған.

Еліміз бойынша барлығы осындай 152 жанармай құю бекеті анықталды.

Барлық факті бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Роман Скляр өңірдегі штабтар белсенді түрде әрекет етіп, тұрақты рейдтер өткізуі керек екенін атап өтті.

«Алып-сатарлыққа және мұнай базаларында отынды «ұстап тұруға» жол бермеу керек, өйткені бұл елдің энергетикалық қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. МКК, ҚМА және БҚДА-дан жанармай құю станциясындағы жағдайды бақылауды күшейтуді сұраймын. Жанар-жағармай материалдары бола тұрып, оны сатпай отырған нысандар анықталса, оларды заң бойынша жауапқа тарту керек. «ҚазМұнайГаз» және ҚТЖ зауыттардан жоспарланған жанар-жағармай материалдарының көлемін, әсіресе дизель отынын уақытылы және толығымен жөнелтуді және жеткізуді қамтамасыз етуі қажет», — деді Роман Скляр.

Тегтер: жанармайҮкімет отырысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz