Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Саясат

Жанар-жағармай бағасының көтерілуі инфляцияға әсер ете ме? — Әлихан Смайылов

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов сейсенбі, 4 сәуірде, Үкімет үйінде БАҚ алдында жасаған мәлімдемесінің қорытындысы бойынша жанар-жағармай материалдары бағасының өсуі инфляциялық процестерге әсері туралы сұраққа жауап берді.

04.04.2023
Саясат
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

«Шынымен де, жанар-жағармай бағасының өсуі инфляцияға белгілі бір деңгейде әсер етеді. Олардың тұтыну қоржынындағы үлесі: дизель отыны – 0,4%, АИ92 бензині – шамамен 2%. Осыны ескере отырып, биылғы баға өсуінің тікелей әсері инфляцияның 0,35 пайыздық тармағына бағаланады», — деді Премьер-Министр.

Сонымен бірге Үкімет басшысының айтуынша, оның жанама әсері де болады, себебі жанар-жағармай материалдары отын өндірушілер шығындарының құрылымына кіреді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына жыл соңына қарай инфляция деңгейін екі есе төмендету міндетін қойды. Сондықтан инфляциялық процестерді тежеу бойынша жүйелі түрде жедел шаралар қабылданып жатыр деді Әлихан Смайылов.

Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

«Наурыз айының қорытындысы бойынша біз инфляция қарқынының айтарлықтай баяулағанын көреміз. Егер ақпан айында жылдық инфляция 21,3% болса, наурыз айының қорытындысы бойынша – 18,1%. Бұл үрдіс одан әрі жалғасады. Біз инфляциялық қысымды төмендетуге бағытталған шаралар кешенін белсенді түрде іске асыратын боламыз», — деді Үкімет басшысы.

Тегтер: Әлихан СмайыловБасты жаңалықтарЖанар-жағармайинфляцияҮкімет отырысы

Соңғы жаңалықтар

ОСК жаңа Конституция жобасы бойынша референдум бюллетенінің мәтінін бекітті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz