Құжатта жазылғандай, биыл жалпы саны 635 запастағы офицер мына құрылымдардың қатарына шақырылады:
— ҚР Қарулы күштеріне — 550 офицер;
— ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне — 60 офицер;
— ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне — 16 офицер;
— ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан қатарына — 9 офицер.
«Жобаның мақсаты – 2023 жылы ҚР Қарулы күштерін, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігін және ҚР Ұлттық ұланын жасақтау үшін әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлердің санын ұлғайту. Жобаны іске асыру қосымша бюджет шығынын талап етпейді және тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады», — деп түсіндірме берілген Үкімет басшысы қол қойған қаулыға.
Құжат алғаш ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 11 шілдеде күшіне енеді.
Айта кетейік, жыл басында тиісті қаулымен запастағы 345 офицерді әскери қызметке шақыру жоспарланған еді. Дегенмен, оған өзгеріс енгізіліп отыр. Енді шақырылатын офицерлер саны 635 болып бекітілді.