Ақорда резиденциясында Ресей Республикасының президенті Владимир Путинді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің Әнұраны орындалды.
Ресей Федерациясы Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты сауда көлемі $27 млрд. (экспорт – $9,1 млрд., импорт – $17,9 млрд.) құрады, бұл — Қазақстанның жалпы тауар айналымының 20%-ы (19,9%). Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында сауда көлемі $17 млрд. болды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,1% жоғары.
Форум Астана уақытымен сағат 13:40-та «Хабар24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.