Атап айтқанда, ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, Экология және геология министрі Зүлфия Сүлейменова, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов бүгінгі Үкімет отырысында ант қабылдады.
«Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным — Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге ант етемін», — делінген ант мәтінінде.