«Жобаның мақсаты – 2050 жылға дейін Астана қаласын «Әлемнің үздік қалалары» халықаралық рейтингісінде алғашқы 50 қаланың қатарына кіргізу», — делінген Ашық НҚА порталында жарияланған консультативтік құжатта.
Аталған межеге ұмтылыс жолында мына бағыттағы жұмыстарды қолға алу жоспарланған:
— Елорданың өзекті мәселелерін, оның ішінде тұрғындардың шағымдарын дереу шешу;
— Астананың ақпараттық базасын құру;
— Тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, бизнес ортаның дамыту;
— Газбен жылытуға көшу, сондай-ақ рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою есебінен елордадағы экологиялық жағдай мен ауа сапасын жақсарту;
— Астананың сәулеттік келбетін сақтау;
— Қалада кедергісіз орта құру;
— Халық арасындағы әлеуметтік шиеленісті төмендету.
Консультативтік құжат 5 қазанға дейін көпшілік талқылауда болады.
Сонымен қоса осы құжатта өмір сүруге қолайлы әлем қалаларының «Quality of living city ranking» рейтингісінде Алматы шаһары 177-орында тұрғаны жазылған.