Ведомство басшысы мәлім еткендей, ТЖМ қашанда халықтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытында жұмыс істеп келеді.
Ол өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға басымдық берілетініне тоқталды.
«Министрлік төтенше жағдайларды жоюдан алдын алуға көшу бағдарламасын қабылдады. Мен оқушыларымызды осы бағыттағы сауаттылықты арттыру бастамасына қосылуға шақырамын. Біз апаттарға төтеп беріп, сауаттылығымызды арттыруымыз керек. Әрбір оқушы төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керек, төтенше жағдайлардың алдын алуды білуі қажет», — деп атап өтті министр.