«Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың ластануына байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жұмыс жүргізіп келеміз. Әсіресе, қоғамдық орындарда және көшелерде түкіріп жатқан азаматтарға назар аударылады. Жыл басынан бері түкіргені үшін 1 200 азаматқа 19 млн теңге айыппұл салынды. Бүгінде оның 5 млн теңгесі немесе 28% өндірілді», — деді Арман Айтмағамбетов БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.
Спикердің айтуынша, түкіру фактілері елордадағы базарлардың маңайында жиі тіркеледі. Арман Айтмағамбетов олардың барлығы бейнекамералардың көмегімен анықталып жатқанын мәлім етті.
Айта кетейік, бүгінде Астана қаласының аумағында 14 мыңнан астам камера бар. Алдағы уақытта олардың санын ұлғайту жоспарланып отыр.
Қоса кетсек, былтыр желтоқсан айында отандық телеарналардың біріне сұхбат беріп тұрып, жерге түкірген Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров айыппұл төлеген еді.