«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискті елорда әуежайында өзі қарсы алды. Қарсы алу рәсімі барысында мемлекет басшылары бір-біріне екі елдің делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін Қазақстан Президенті мен Католик шіркеуінің басшысы президенттік терминалдың Каминді залында қысқаша әңгімелесті. Кездесу соңында мәртебелі қонақтың кортежі Ақордаға бағыт алды», — делінген хабарламада.
Бүгін кешке Рим Папасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, сондай-ақ елімізде тіркелген шетелдік дипломатиялық корпус және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулері жоспарланған.