«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», — деп жазды Президент.
Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны 19,9 млн адамды құрағанын, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,41%-ға артық екенін жариялаған болатын.