Қызметтік борышын атқаруда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Забикулин Асқар Серікұлы I дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын;
Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Кемпіров Аян Алматұлы III дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын.
Аталған Жарлыққа 17 қарашада қол қойылды.
Айта кетейік, өрт сөндіруші Асқар Забикулин жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр екені белгілі болды. Ол 3 дәрежелі күйік алды.
Өрт сөндіру кезінде ТЖМ-ның тағы бір қызметкері, №10 өрт сөндіру бөлімінің командирі Аян Кемпіров те зардап шекті. Оның жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде деп бағаланады.
Еске салайық, 16 қарашада «КаҺарман» тұрғын үй кешенінің 11-қабаттағы пәтері отқа оранды. Өртенген пәтерде адамдар болған. Өрт сөндірушілер бес адамды, соның ішінде бір баланы құтқарып, одан бөлек тағы 10 адамды эвакуациялады.