Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жазғы маусымда Балқашқа әуе рейстерге билеттерді субсидиялау мәселесін пысықтауды ұсынды. Қаланың әуе айлағын ел әуежайларын дамыту бағдарламасына енгізу қажет, деп атап өтті Президент.
«Осындай кешенді шаралардың арқасында ғана Балқаш ішкі, ал болашақта халықаралық туризм үшін тартымды орынға айналады», — деді Тоқаев Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесуінде.
Ол аймақ елдің қақ ортасында орналасқанын және еліміздің оңтүстігі мен солтүстігін байланыстыратын негізгі магистраль өтетінін еске салды. Автомобиль жолдарының сапасы аймақтың дамуына ерекше әсер ететіні анық екенін айтты.
«Қазір Орталық-Оңтүстік көлік дәлізі құрылып жатыр. Балқаш қаласы арқылы өтетін жолдың құрылысы өте баяу жүріп жатыр, мерзімдері бірнеше рет кейінге қалдырылды. Үкіметке келесі жылы Қарағанды-Балқаш және Балқаш-Бурылбайтал автомобиль жолдарының құрылысын аяқтауды тапсырамын», — деді Президент.
Президенттің айтуынша, Қарағанды-Жезқазған тас жолы да маңызды. Ұзындығы 500 шақырымнан асатын бұл жолды жөндеу орталық аудандармен байланысты жақсартуға және жүк ағынын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл Ұлытау облысының дамуына серпін береді. Екі облыстың инвестициялық және туристік әлеуеті артады. Бұл жолды жөндеуге келесі жылы кірісу керек, деді Тоқаев.
Ол сондай-ақ Қарағанды-Қарқаралы автожолын жөндеуді тапсырды. Барлық жұмыстар екі жыл ішінде аяқталуы керек. Бұл Қарқаралының туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.