Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Албания Президенті Байрам Бегайды Ақордада қарсы алды.
Екі ел басшылары бір-біріне министрлерді таныстырды.
Одан кейін президент оркестрі екі елдің Әнұраны орындады.
Сапар аясында екі ел басшылары ертең сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар президенттер халықаралық және өңірлік жағдайлар жөнінде пікір алмасады.
Еске салсақ, 1993 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мен Албания Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. 2020 жылдың қаңтарынан бастап Албанияның Қазақстандағы елшісі Кастриот Робо болса, 2022 жылғы 9 желтоқсаннан бастап ҚР-ның Албаниядағы елшісі қызметін Еркебұлан Сәпиев атқарып жатыр.