«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мәліметінше, республикалық комиссия грант тағайындауды желтоқсан айларында жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да мына мекенжайда: Астана қаласы, Сығанақ к-сі, 70-үй «Сығанақ» бизнес орталығы, 5-қабат, 508-кабинетте қолма қол (қағаз жүзінде, сондай-ақ электронды тасымалдағыштағы сканерленген нұсқасы) қабылданады.
«Құжатты үшінші тұлға келіп тапсырған жағдайда – конкурстық іріктеуге қатысуға құжат тапсыру үшін өкілдің атына берілген үміткерден нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы болуы қажет», — деп ескертті ведомство.