«Діндерге сөз бостандығы қажет. Өйткені оның Жаратушы туралы ақиқатты іздеудегі орны теңдессіз. Сондықтан діни еркіндік азаматтық қоғамның қалыптасуына қажет үздік орта бола алады. Оған деген қажеттілік осынау халықтың «қазақ» деген атауында да тұр. «Қазақ» сөзі еркіндікті, қозғалыс тәуелсіздігін меңзейді», — деді Рим Папасы Франциск елордада өткен кездесуде.
Сондай-ақ, ол Қазақстанның өлім жазасын қолданыстан алып тастауын жоғары бағалайтынын атап өтті.
«Осыған байланысты Қазақстанның өлім жазасын қолданыстан алып тастауын жоғары бағалағым келіп отыр. Бұл адам өмірінің құнды екенін растайды, әр адами тұлғаға үміт жүктейді. Мұнымен бірге ой еркіндігін, ар-ұят еркіндігін, сөз бостандығын қамтамасыз ету маңызды. Сонда әр адам қоғамда өзгелермен тең орынға ие бола алады», — деді Рим Папасы.