Желдібайдың айтуынша, президенттің баспасөз қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарынан мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатыр.
«Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды», — деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Тоқаев 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Ақорданың ақпаратынша, бұл күні президенттің Қытайға мемлекеттік сапары басталады.
«Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді», — деді Желдібай.
Айта кетері, 17 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толады.