Шолпан Қаринова ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен кетті. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«ҚР Үкіметінің қаулысымен Шолпан Таңатқызы Қаринова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды», — делінген хабарламада.