Мәртебелі қонақтың құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Рәсім аяқталғаннан кейін кортеж Ақорда сарайына бағыт алды. Онда Қазақстан мен ҚХР көшбасшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайту перспективаларын талқылайды. Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.