«Біздің жерімізде үндестік пен келісімді нығайтуға нақты істерімен үлес қосып жүрген азаматтарды барынша ынталандыру қажет. Қазақстан халқы Ассамблеясының екі сыйлығын бекітуді ұсынамын», — деп мәлімдеді Президент.
Біріншісі – әдебиет пен журналистика саласындағы үздік еңбек үшін.
Екіншісі – мәдениет пен өнер саласындағы үздік туындылар үшін.
«Бұл сыйлықтарды жеке авторлар да, шығармашылық ұжымдар да алуы керек. Ақшалай сыйақының мөлшері мемлекеттік сыйлықтан кем болмауға тиіс», — деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Тоқаев жаңа мемлекеттік награда – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлт бірлігін нығайту жолындағы жемісті еңбегі үшін» орденін бекітуді ұсынды.
«Алғашқы лауреаттарға бұл марапаттарды биыл қазан айында Республика күніне орай табыстауға болады», — Президент.
Ол еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға азаматтарымыздың қосқан үлесін мемлекеттік деңгейде мойындау жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қуатты серпін беретініне сенетінін айтты.