Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне қарағанда биылғы қыркүйекте республикалық бюджеттен зейнетақы төлеміне 244,8 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 74,5 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 170,3 млрд теңге бөлінді.
2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 261мың адам.
2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 109 171 теңге болды.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.