«Біздің мобильді интернет әлемдегі ең арзан интернеттердің бірі. Біз «Қолжетімді интернет» жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Келесі стратегиялық мақсатымыз – барлық қала мен тасжолды жоғары жылдамдықты интернетпен толық қамтамасыз ету. Сонымен қатар ірі қалаларды 2025 жылға дейін 5G желісімен қамту жоспарда бар», — деді Мусин.
Сөзінше, бұрын мұндай мемлекеттік қолдау болмаған. Мусин жұмыс әзербайжандық әріптестермен бірлесе жүзеге асып жатқанын қоса кетті.
«Біздің мақсатымыз – Қазақстанда деректер орталықтарын ашу», — деп сөзін қорытындылады министр Шетелдік инвесторлар кеңесінде.