Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.
«Белгілі журналист Ержан Байтілес бүгіннен бастап Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары қызметіне кірісті. Ол бұған дейін ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болып еңбек еткен болатын. Әріптесімізге сәттілік тілейміз!» — деп жазды ол Facebook-парақшасында.