«Кездесу жақсы өтті. Әрине, таңертеңнен қобалжыдым. Жалпы бәрі ойдағыдай өтті. Президентпен өз жоспарларыммен бөлісіп, алдағы матчтар туралы сөйлестім. Мемлекет басшысы мені теннистегі нәтижелеріммен құттықтады. Президенттен сыйлық алдым, сағат және орамал», — деді Елена Рыбакина елордада теннистен «Билли Джин Кинг» кубогіне орай өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны қабылдады. Кездесу барысында теннисші Президентке Wimbledon-2022 кітабын сыйға тартты.