Үкіметке үш ай мерзімде Ақпараттық доктринаны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу және бекіту тапсырылды.
Осы доктринаның мақсаты елдің ақпараттық қауіпсіздігі мен идеологиялық егемендігін қамтамасыз ету, қазіргі заманғы үрдістер мен сын-қатерлерге жауап беретін, қоғамды топтастыруға және азаматтық бірдейлікті нығайтуға бағытталған ақпараттық саясатты құру болып табылады.
Бұл ретте доктрина ақпараттық саланың барлық қатысушыларының мынадай негізгі өзара іс-қимыл қағидаттарын айқындайды:
- сөз бостандығы;
- ақпаратқа қол жеткізу;
- дамуға бағдар;
- сенім және құпиялылық;
- ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Құжатпен Ақорданың сайтынан танысуға болады.