Осы құжатқа сәйкес Президент Әкімшілігінің жаңартылған құрылымына келесі лауазым иелері кіреді:
▪️Президент Әкімшілігінің Басшысы;
▪️Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;
▪️Президент Кеңсесінің Бастығы;
▪️Президенттің көмекшілері;
▪️Президенттің кеңесшілері;
▪️Президент Әкімшілігінің бөлімдері.
Жарлыққа сәйкес:
– ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша;
– экономикалық мәселелер бойынша;
– халықаралық мәселелер бойынша;
– құқықтық мәселелер бойынша;
– ғылым және инновация мәселелері бойынша Президенттің көмекшілері лауазымдары енгізіледі.
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылады. Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің төрт бөлімі қысқарды.