Top.Mail.Ru
Воскресенье, 1 февраля, 2026
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Саясат

Мемлекет басшысы Абай облысында орман өртін сөндірген әскери қызметкерлерді марапаттады

Абай облысында орман өртін сөндіруге қатысқан Қарулы күштердің әскери қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды alataunews.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

by
02.07.2023
in Саясат
Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Мемлекет басшысының жарлығымен «Семей орманы» резерватындағы алапат өртті сөндіруде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Қорғаныс министрлігі 53975 әскери бөлімінің командирі полковник Нұрлан Байдуллаев II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Нұрлан Қошқарұлы төтенше жағдай кезінде құрамына Астана, Жетіген, Шымкент авиациялық базаларының және Семей дербес авиациялық эскадрильясының экипаждары кірген Қарулы күштердің армиялық авиация тобын басқарды.

Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде армиялық авиацияның 21 экипажы 1764 рет жалпы көлемі 4960 тонна су төккен. Алты күн ішінде олардың ұшу уақыты 320 сағатты құрады.

Экипаждардың іс-қимылын үйлестіру, өртті өшіру тактикасын әзірлеу, жеке құрамның қауіпсіздік шараларын сақтау міндеттерін орындай отырып, полковник Байдуллаев өзі де өртті сөндіруге тікелей қатысты. Оның ұшу уақыты 40 сағатты құрады.

«Ауа температурасы көтеріліп, жел күшейген төтенше жағдайда ұшу-қону, суды толтырып алу мен төгу кезінде авиациялық оқиғалардың алдын алу маңызды болатын. Қорғаныс министрлігінің басшылығы қойған бұл міндет толықтай орындалды», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ қорғаныс министрлігі 28738 әскери бөлімінің бригада сержанты Талғат Жанғазинов «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Бұл награда – әскери қызметкердің төтенше жағдай салдарын жою кезіндегі сауатты қимылы, шебер әрі бастамашыл іс-әрекетіне берілген баға.

«Төтенше жағдай кезінде бригада сержанты Талғат Жанғазинов жеке құрамның өрт ошағын сөндіру жөніндегі іс-қимылдарын басқарды. Әскери топографияны жақсы білуі оған тез бағдарлауға және бағыныштыларды қаупі ықтимал аумақтан шығаруға көмектесті. Оның басшылығымен жұмыстар жүргізілген учаскеде өрттің қайта тұтануына жол берілмеді», — дейді қорғаныс министрлігіндегілер.

Қорғаныс министрінің бұйрығымен өрт сөндіруге қатысқан бірқатар әскери қызметкер «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен және ақшалай сыйлықақымен марапатталды. Жекелеген әскери қызметкерлерге әскери атақтар мерзімінен бұрын берілді.

Tags: Абай облысымемлекет басшысыорманөрт

Ұсынымдар

Алматы облысының мұғалімі республикалық педагогикалық хакатонда жеңіске жетт

29.01.2026

Нипах вирусы: қазақстандықтарға қауіпті елдерге бармауға кеңес берілді

29.01.2026

Тоқаев баспасөз хатшысын ауыстырды: Айбек Смадияров тағайындалды

29.01.2026

Алматы облысында жалған әкімдік шешімдері арқылы жер бөлінген

29.01.2026

Қонаевта нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері талқыланды

29.01.2026

Алматы облысында еңбек адамдары марапатталды

29.01.2026
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz