«Педофилдерді кем дегенде өмір бойы қамауда ұстау керек. Екіншіден, оларға қатысты тек химиялық емес, хурургиялық кострацияны да енгізу қажет», — деді А. Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, 10-15 жыл бұрын сотталған педофилдер қазір бостандыққа шығуы мүмкін.
«Бұл адамдар химиялық кастрация салдарынан ағзасындағы бауыры немесе басқа да мүшелеріне зияны тиеді деп айтуы мүмкін. Біздің ойымызша, химиялық және хирургиялық кастрация міндетті болуы керек», — деді депутат.