Айта кетейік, ҚР Әділет министрі Қанат Мусин ұсынған Заң жобасы бес бапқа өзгерістер енгізуді және бір баппен толықтыруды көздейді.
Сонымен, біріншіден, Президенттің мандатын қайта сайлану мүмкіндігінсіз бір мерзімге шектеу осы Заң жобасы күшіне енгеннен кейін жеті жыл мерзімге Президент болып сайлаған адамдарға қолданылады.
Екіншіден, Нұр-Сұлтан қаласының атауы қайтадан Астана болып өзгереді.
Үшіншіден, Конституциялық Соттың судьялары қайта тағайындалуына шектеу қоя отырып, Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімдерін 8 жылға дейін ұлғайтылады.
Конституцияға енгізілетін өзгерістерді Сенаттың 50 депутатының 50-і, Мәжілістің 99 депутатының 98-і қолдап дауыс берді.