Нұрлан Қылышбаевтың қызметтен кеткені туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында айтылған.
«Бүгіннен бастап, басқа жұмысқа ауысуыма орай, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қызметін тоқтатамын. Еліміздің табиғат қорғау саласының дамуына үлес қосу мен үшін үлкен абырой және жауапкершілігі мол қызмет болды. Әріптестеріме алғыс білдіре отырып, алдағы еңбектеріне сәттілік тілеймін!» — деп жазды Нұрлан Қылышбаев.
Айта кетейік, ол комитет басшысы лауазымына 2022 жылдың 4 ақпанында тағайындалған.