«Қазақстан мен Ресей – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін ірі өндірушілер. Олар бидай экспорты бойынша әлемдік 10 көшбасшының қатарына кіреді. Біздің елдердің үлесіне әлемдік жерлердің 10 пайызы мен жайылымдардың 9 пайызы тиесілі. Соңғы уақытта жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне климаттың өзгеруі мен саяси-экономикалық тұрақсыздық пен жеткізулердің халықаралық тізбегінің бұзылуы әсер етіп отыр. Әлемде ашаршылықтағы және азық-түлікке мұқтаж адамдар саны 830 млн адамға жетті», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент атағандай, бұл орайда БҰҰ 2050 жылға қарай әлемде халық саны тағы 2 млрд-қа артады деп болжап отыр.
«Сарапшылардың бағалауынша, ЕАЭО елдерінің экспорттық ресурстық әлеуеті 600 млн адамды асырай алады. Бұл болжамдарды әбден шынайы деп айтуға болады. Тек Қазақстанда соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығындағы ІЖӨ екі есеге өсті. Ауыл шаруашылығының экспорты екі есеге артып, 6 млрд долларға жетті. Біздің ауылшаруашылық өнімі әлемнің 80 еліне жеткізіледі. Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі индексінде Қазақстан 113 елдің ішінен 32-орын алды. Осылайша, біз АӨК-ні кезеңдеп дамытып жатырмыз», — деді Тоқаев.