«Адамгершілік пен рухани науқасты дін арқылы емдеу керек. Өйткені қазіргі технологиясы дамыған заманда адами көп қасиеттер қалтарыста қалып отыр», — деді Египет ислам ғалымы Ахмед эль-Тайеб.
Пандемия, азық-түлік, экономика, саяси қақтығыс белең қалдырмауы керек. Форумға қатысушы әлемдік дін өкілдері бірауыздан «татулық пен өзара келісім болу керек» дегенді айтады. Олардың айтуынша, Қазақстан мемлекеті съездге қатысқан барлық дін өкілдеріне үлгі болып отыр. Өйткені Қазақстан әрбір адамға, әрбір ұлт пен ұлысқа, дінге құрметпен қарайды делінді съезде.
«Татулық әлемі бірінші кезекте діни қызметкерлердің арасында орнауы керек. Діндер бір арнада тоғысу керек, қандай да бір әрекет діннің тамырына балта шабатын болса біз одан аулақ болуымыз керек», — деді Египет ислам ғалымы Ахмед эль-Тайеб.