Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Саясат

Мемлекет басшысы диқаншыларды астық жинаудағы жақсы көрсеткішімен құттықтады

16 қазанда Қазақстанда Нан күні атап өтіледі. Мерекелік күн 2019 жылы Үкіметтің қаулысымен белгіленді, деп хабарлайды Alataunews.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16.10.2022
Саясат

Бұл күн нан өнімдерінің, сондай-ақ нан өндірісіне қатысы бар барлық мамандардың: нан өндірушілер, ұн тартушылар мен наубайшылардың жоғары мәртебесін нығайтуға арналған.

Биыл еліміз мерекеге жоғары көрсеткіштермен келіп отыр.

Биыл нан өнімі бұрын белгіленген болжамды деңгейден асып түсті. Мәселен, жоспарланған 19,5 млн тонна бункерлік салмақтағы астықтың орнына бүгінде 21,7 млн тоннадан астам астық бастырылды. Сонымен қатар, 16,3 млн тоннадан астам бидай жиналды, бункерлік салмақта 14,1 млн тонна жиналады деп болжанған болатын. Мұның бәрі нан өсірушілердің қажымас еңбегінің арқасында мүмкін болды. Бүгінгі таңда қазақстандық фермерлердің астықпен отандық нарықты ғана емес, оны біздің өнімдеріміздің сапалық көрсеткіштері жоғары бағаланатын шет мемлекеттерге саудалауға мүмкіндігі бар.

Жаппай егін жинау аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық диқаншыларды құттықтап, денсаулық пен еңбектеріне табыс тіледі.

«Дихандарымыздың жоғары кәсібилігінің, өз ісіне адалдығының және қажырлы еңбегінің арқасында агроөнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігінің сенімді кепіліне және экономикалық дамудың басты қозғаушы күшіне айналды. Біз тұрғылықты жеріне қарамастан барлық азаматтардың жан-жақты дамуына бірдей мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Сондықтан ауыл тұрғындарының әл- ауқатын арттырып, тұрмыс салтын жақсарту — біздің басты міндетіміз. Барша дихандарға зор денсаулық пен бақ береке тілеймін», — деді Президент құттықтау хатында.

Тегтер: диқанҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

ОСК жаңа Конституция жобасы бойынша референдум бюллетенінің мәтінін бекітті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz