Өңір басшысы Президентке облыс экономикасының өсімін қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс сапасы мен табысын арттыру, сондай-ақ жаңа облыс орталығын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берді.
Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, былтыр облыста әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі саласы бойынша тұрақты өсім көрсеткіші сақталған. 37,2 мың жұмыс орны ашылған. Оның 26,3 мыңы – тұрақты жұмыс.
Сонымен қатар облыс әкімі өңірде су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру, тұрғындар мен шаруашылық нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи апаттар салдарынан болатын залалды мүмкіндігінше азайту жөнінде мәлімет берді.
Президентке облыс орталығын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді даму жоспарының әзірлену барысы туралы баяндалды.
Әкім көктемгі егін егу жұмыстарына, саяжай алаптары жөніндегі түйіткілдердің шешілуіне, инженерлік инфрақұрылымның реконструкциясына және ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтаруға қатысты мәселелер туралы да айтты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қонаев қаласын дамыту жоспарын пысықтау жөніндегі жүйелі жұмыстарды жалғастыруды, сондай-ақ облыс аумағын кешенді дамыту міндеттерін жүзеге асыруды тапсырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram