Ірі кәсіпорындардың шығарындыларын азайту жөніндегі жоспардың іске асырылуын, сондай-ақ осы нысандардағы шығарындыларға мониторинг жасау үшін автоматтандырылған жүйе енгізу ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Сонымен қатар министрлікке қарасты ведомстволық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту және ұлттық парктердегі орман өртінің ошақтарын ерте анықтау жүйелерін тезірек енгізу, сондай-ақ орман шаруашылығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөнінде жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ ағаш отырғызуға қатысты ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру және ретсіз пайда болған қоқыс полигондары мәселесін шешудің кешенді тәсілдерін әзірлеу маңызды екеніне назар аударды.